ҚАТЗУ оқытушысына жас ғалымдарды қолдау аясында тұрғын үй сертификаты табысталды

2026 жылғы 1 қыркүйекте Білім күніне орай Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Қазақстанның жас ғалымдарына тұрғын үй сертификаттарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы Саясат Нұрбек Астана және Алматы қалаларындағы ғылыми ұйымдар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында еңбек ететін бес жас ғалымдарға тұрғын үй сертификаттарын табыстады. Аталған сертификаттар тұрғын үйді өтеусіз негізде алуға мүмкіндік береді.
Тұрғын үй сертификатына ие болған жас ғалымдардың бірі – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің оқытушысы Володя Кәдірбек.
Володя Кәдірбек – ауыл шаруашылығы ғылымдарының PhD, Инжиниринг және азық-түлік технологиялары институтының «Агроинженерия, механика және металл өңдеу» БББТ аға оқытушысы.
Володя Кәдірбек көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіріп, мұндай шаралардың жас зерттеушілер үшін маңызын атап өтті. Оның айтуынша, тұрғын үй мәселесін шешуге қолдау көрсету – жас ғалымдарды әлеуметтік қолдаудың және олардың ғылыми қызметін ынталандырудың маңызды тетіктерінің бірі.
Бағдарлама Мемлекет басшысының 2024 жылғы 31 мамырда «Ғылым ордасында» жас ғалымдармен кездесу барысында берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты – жас зерттеушілердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, ғылыми қызметпен айналысуға қолайлы жағдай жасау және ғылым саласына жас кадрларды тарту.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті жас ғалымды осы айтулы шарамен құттықтап, ғылыми және кәсіби қызметіне толағай табыс тілейді!







