Мұхтарбай Өтелбаев «Парасат» орденімен марапатталды

0
14

Бүгін ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, математик Мұхтарбай Өтелбаев «Парасат» орденімен марапатталды.

Бүгінде 83 жасқа толған қария — еліміздегі математика мектебінің негізін қалаған ғалымдардың бірі. Ол 190-ға жуық ғылыми еңбектің, соның ішінде 2 монография мен 5 патенттің авторы. Сонымен қатар 71 кандидаттық, 10 докторлық диссертацияның жетекшісі.

Мұхтарбай Өтелбаев қазіргі кезде ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Математика және математикалық модельдеу институтында қызмет етеді.

Ғалымның «Парасат» орденін алуымен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтады. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өз құттықтауын жеткізді:

«Құрметті Мұхтарбай Өтелбайұлы! Сізді «Парасат» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!  Ғылым жолындағы еңбегіңіз ел игілігіне қызмет ете берсін! Сіз қалыптастырған ғылыми мектептің шәкірттері биік белестерді бағындырып, Қазақстан математикасының әлемдік деңгейдегі беделін одан әрі арттыра берсін! Сізге зор денсаулық, шығармашылық қуат, ұзақ ғұмыр және жаңа ғылыми жетістіктер тілеймін!


ПІКІР ЖАЗУ