Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау қортындылары

2026–2027 оқу жылында магистратурада білім алуға арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсы қалай өтті? Конкурс барысында талапкерлердің басымдықтары қалай ескерілді, нәтижелері бірдей болған жағдайда қандай критерийлер қолданылды және қай бағыттарға ең көп грант бөлінді?
Сондай-ақ грант иегерлерін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі мен қажетті құжаттарды тапсыру мерзімдері түсіндірілді.
Биыл магистратурада білім алуға 10 462 білім беру гранты бөлінді. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 9 344 адам грант иегері атанды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті басқармасының басшысы Жандәулет Құдайбергенов:
«Биыл магистратурада білім алу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурстық негізде кешенді тестілеу нәтижелері бойынша өткізілді. Конкурсқа қатысу үшін 22 мыңнан астам өтініш берілді. 2026-2027 оқу жылында магистратураға 10 462 білім беру гранты бөлінді. Конкурс қорытындысы бойынша 9 343 адам білім беру грантының иегері атанды. Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер кешенді тестілеу нәтижесі бойынша белгіленген шекті баллды жинауы қажет. Ол ғылыми-педагогикалық бағытта 75 баллды құраса, бейінді магистратураға кемінде 30 баллды құрайды. Өтініш беру кезінде талапкерлер білім беру бағдарламасының тобын және үш жоғары оқу орнын таңдауға құқылы.






