Қазақстанда гуманоидты роботтар шығарылады

0
7

Елімізде адамға ұқсас гуманоид роботтар құрастырылады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, Астанада өткен Qazbot robotics форумында аталған роботтарды өндіру және олардың технологиясын дамыту жоспарланған. Халықаралық Agibot компаниясы гуманоид роботтар мен Embodiment AI технологиясын қазақстандық тараппен бірге жүзеге асырады. Серіктестік аясында елімізде технологияларды дамыту мен жергілікті инженерлерді даярлау және салалық мамандарды оқыту жоспарланған.

Қазақстанда қазіргі таңда роботтехника және жасанды интеллект мамандарын дайындайтын 56 білім беру бағдарламасы жұмыс істейді. Енді еліміздегі жоғары оқу орындары Agibot компаниясымен бірге гуманоид роботтарға зерттеу жүргізіп, студенттер мен ғалымдар жаңа жобаларға қатысады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді:

Біздің міндетіміз – дайын технологиялық шешімдерді енгізумен ғана шектелмей, Қазақстанда өзіміздің инженерлік және ғылыми құзыреттерімізді қалыптастыру. Гуманоид роботтар өндірісі университеттер, ғалымдар мен индустрияны біртұтас технологиялық тізбекке біріктіретін алаңға айналуы тиіс. Бұл – мамандар даярлау мен ғылыми зерттеулерден бастап, технологиялық шешімдерді әзірлеу және оларды өнеркәсіпте қолдануға дейінгі толық цикл. Біз білім, ғылым және өндірісті ықпалдастырудың дәл осындай моделін кеңейтуді көздеп отырмыз».

Тастанбек Аяулым Шалхарқызы


ПІКІР ЖАЗУ