Салық жүйесіне өзгерістер енді

0
14
Елімізде салық жүйесіне қатысты жаңа заң күшіне енді. Заңға сәйкес, қосылған құн салығы 12%-дан 16%-ға өседі. Бірақ бұл өсім елдегі медициналық қызмет көрсету мен дәрі-дәрмекке әсер етпейді. Мемлекет аталған салаларға төмен тариф ережесін сақтап қалды. Бұдан бөлек, алғаш рет жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы енгізілді. Бұл шкала халықтың әлеуметтік жағдайына байланысты арнайы салық мөлшерлемесімен жұмыс жасайды. Жылдық табысы 8 500 АЕК-ке дейінгі азаматтар үшін салық мөлшерлемесі 10% болса, бұл шектен асатын жоғары табысы бар тұлғалар енді 15% ЖТС төлейді. Корпоративтік табыс салығы бойынша салық мөлшері 20% құраса, ойын-сауық орталықтары, казинолар мен банктер КТС салығын 25% мөлшерінде өсті. Ал ауыл шаруашылығы үшін салық мөлшері 3%-ға төмендеді. Сонымен қатар салық есептілігі 30%-ға қысқарды. Салық декларацияларын қабылдау мен өңдеу толықтай электронды онлайн форматқа ауысып, Тәуекелдерді басқарудың жаңа жүйесі (СУНР) арқылы қашықтан бақылайтын Desk-аудиттер (камералдық бақылау) қолданылады. Қарапайым жұмысшылар үшін ЖТС есептегенде қолданылатын базалық салық шегерімі 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылады. Жаңа Салық кодексі — Қазақстан экономикасын тұрақтандыруға бағытталған күрделі қадам. Ол бір жағынан мемлекет бюджетін толықтыруды көздесе, екінші жағынан адал жұмыс істейтін бизнеске әкімшілік қысымды азайтуды уәде етеді.


ПІКІР ЖАЗУ