Президент айыппұлдарды кешіру туралы заңға қол қойды

0
16

1 шілдеде жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Президент айыппұлдарды кешіру мен рақымшылық туралы заңға қол қойды.

Заңға сәйкес, 2 мыңға жуық адамның айыппұлы кешіріледі. Аталған санаттарға сот орындаушылары, нотариустар, адвокаттар, заң консультанттары мен кәсіпкерлер жатады.

Рақымшылық салық заңнамасын бұзуға байланысты кейбір құқық бұзушылықтарды қамтымайды. Атап айтқанда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 275-бабы (салық салу объектілерін жасыру), 277-бабы (салық төлеуден жалтару) және 278-бабы (салық міндеттемелерінің мөлшерін төмендету) бойынша жауапкершілік сақталады. Қаржы министрлігінің мәліметінше, мұндай заң бұзушылықтар мемлекет экономикасына елеулі залал келтіреді, деп хабарлайды sn.kz


ПІКІР ЖАЗУ