Пластикалық хирургия орталықтарына бақылау күшейеді

0
21

Соңғы уақытта елімізде пластикалық ота құрбандарының саны артты. Бұл жағдайға кім кінәлі: біліктілігі мен лицензиясы жоқ клиникалар ма, әлде соқыр жарнамаға сенетін пациенттер ме?

Статистикалық деректерге сүйенсек, 2022 жылдан бастап аталған орталықтарға 92 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталып, лицензиялық талаптар мен медициналық көмек көрсету ережелерін бұзу бойынша 24 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар 4,8 миллион теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Ендігі уақытта пластикалық клиникаларға деген бақылау күшейтіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов былай деді:

«Қазіргі таңда прокуратурадан 122 клиниканы тексеру бойынша тапсырыс түсті. Оның ішінде ең көп клиника Алматы мен Астана қалаларында орналасқан. Енді сол бойынша біздің департамент арнайы комиссия жасақтап жатыр. Тәуелсіз сарапшыларды қосымша осы комиссия құрамына бекітеміз. Сол арқылы бүкіл клиникаларды тексеруді жоспарлап отырмыз».

 

 


ПІКІР ЖАЗУ