Елімізде Құрбан айт мерекесі басталды

0
17

Бүгін елімізде Құрбан айт мерекесі басталды. Бұл — барша мұсылман халықтарының ортақ мерекесі. Аталмыш мереке үш күнге созылады. Құрбан айт мерекесінің мәні — рухани тазару, қайырымдылық жасау, мұқтаж жандарға көмек көрсету. Мейрамда шалынған малдың еті жетім-жесірге, тұрмысы төмен отбасыларға таратылады.Бұл күндері адамдар бір-бірінің үйіне қонаққа барып, айттайды. Сонымен қатар құран оқылып, адамдар бір-біріне «Айттан айтқа аман-есен жете берейік» деп тілек жаудырып, бата тілейді.Биылғы жылы Құрбан айт мерекесі мамыр айының 27–29 аралығында аталып өтіледі. Мейрамға орай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.


ПІКІР ЖАЗУ