14 наурыз — Көрісу күні немесе Амал мерекесі

0
3

Көктемнің алғашқы айы — Наурыз. Қазақ халқында бұл ай ұлттық мерекелердің тойлануымен сипатталады. Сондай мерекелердің бірі — Көрісу күні, оны «Амал мерекесі» деп де атайды.
Амал мерекесі — Наурыз айының алғашқы мейрамы. Аталмыш мерекеде қыстан аман-есен шыққан халық бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасады. Ренжіскендер болса, қайта татуласады. Бұл мерекенің мәні адамдар арасындағы сыйластық пен бауырмалдыққа негізделген.
Мереке қалай тойланады?
Бұл күні адамдар ерекше дайындалады. Дастархан жайылып, ағайын-туыс, көрші-қолаңға сәлем беріп, көрісу мақсатында үй-үйді аралайды. Кішілер үлкендермен қол беріп амандасады. Жайылған дастарханнан дәм татып, жаңа жылды аман-есен қарсы алғаны үшін «Жаңа жасыңмен!» деп құттықтау айтады. Үлкендер кішілерге ақ батасын береді. Бұл — жақсы тілектер ағылып, қуанышты жүздер көбейетін күн.
Амал мерекесі — Қазақстанның батыс бөлігінде бұрыннан тойланып келе жатқан дәстүр. Соңғы кездері бұл мереке еліміздің барлық аумағында кеңінен тойланып жүр.


ПІКІР ЖАЗУ