Шымкентте 34 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналасып, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайды

0
10

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді.

Шымкент қаласында биыл жылдың басынан бері 34 мыңға жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Жалпы, 46 мыңнан астам тұрғын түрлі жұмыспен қамту бағдарламаларына тартылған.

Ғ.Сыздықбековтың айтуынша, халықты жұмыспен қамту бағытында атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны едәуір қысқарған. 2023 жылы қала бойынша 12 725 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, бүгінде бұл көрсеткіш 1 800 отбасыға дейін aзайды.

«Инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу – халықты тұрақты табыс көздерімен қамтамасыз етудің негізгі тетігі. Биыл 34 мыңға жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысқан азаматтар саны 46 мыңнан асты. Соның нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны айтарлықтай азайды, жұмыссыздық деңгейі төмендеді», – деді Ғабит Сыздықбеков.

Қалада жұмыссыздық деңгейі қазіргі таңда 4,7 пайыздықұрайды. 2024 жылы бұл көрсеткіш 4,8 пайыз болған.

Сонымен бірге қала әкімі еңбекақысы төменқызметкерлерге жалақыға үстемақы төленетінін атап өтті. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 11 млрд теңгебағытталған.

Өңірдегі орташа жалақы көлемі 10 пайызға өсіп, 334 мыңтеңгені құрады. Халықтың медианалық жалақысы 273,9 мың теңге деңгейінде.


ПІКІР ЖАЗУ