Ассамблея жастары: Тәуелсіздікті дәріптейтін дебат турнирінің алғашқы кезеңі өтті

0
39

Шымкент қаласында жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, олардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Елдің рухани орталықтарының бірі саналатын Шымкент – жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттыруға қолайлы орта қалыптастырған шаһар. Дәл осындай мүмкіндіктерді кеңейте түсу мақсатында пікірсайыс мәдениетін дамыту, тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу және ел болашағына бейжай қарамайтын көшбасшы жастарды тәрбиелеу бағытында арнайы жобалар жүзеге асырылуда. Осындай маңызды шаралардың біріҚазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» ұйымы мен «Мәміле» пікірсайыс клубының бірлесуімен дебат турнирінің бірінші кезеңі Шымкент қалалық Достық үйінде өтті. Аталмыш сайыс «Тәуелсіз елдің тірегі – көшбасшы жастар» атты тақырыпта ұйымдастырылды.

Дебатжастар арасында Тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау, көшбасшылық қабілеттерді дамыту және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, пікірсайыс мәдениетін өркендетіп, студенттердің сыни ойлаумен шешендік қабілеттерін жетілдіруге бағытталған.

Дебаттың бірінші кезеңінде жастар өздерінің көшбасшылық, аналитикалық және риторикалық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Белсенді пікір алмасу барысында еліміздің даму бағыты, жастардың қоғамдағы рөлі, бірлік пен келісімнің маңызы туралы өз ойларын ортаға салды.
Осылайша олар алғашқы кезеңде-ақ өздерінің көшбасшылық және аналитикалық қабілеттерін көрсетті.  Сондай-ақ өз ойлары мен ұстанымдарын еркін жеткізуге, қоғамдағы өз рөлдерін сезінуге және елдік мәселелерге белсенді араласуға мүмкінлік алды.

Айта кетейік, дебат турнирінің келесі кезеңі алдағы уақытта жалғасатын болады. Ойын финалдық кезеңмен қорытындыланып, жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталады.

Интеллектуалдық сайысқа қатысқан студенттер пікірталас мәдениетін меңгеріп қана қоймай, мемлекетіміздің бірлігі мен тұрақтылығын сақтаудың мәнін терең түсіне түсті. Шымкент қаласында өткен бұл іс-шара жастарды білімді болуға, жауапкершілік танытуға және болашақ көшбасшы ретінде қалыптасуға ынталандырумен ерекшеленді. Осындай жобалар келешек ұрпақтың сапалы дамуына, олардың ел мүддесі жолында бірігіп әрекет етуіне зор ықпал ететіні сөзсіз.


ПІКІР ЖАЗУ