Жастар арасында бірлік пен келісім құндылықтары насихатталды

0
14

                                                                                Шымкент – Қазақстанның рухани өркендеу мен мәдени сабақтастықтың айнасы іспетті қаласы. Қайкезеңде де ұлттар мен ұлыстардың тату тіршілігі, жас буынның алға ұмтылған еркін ойы мен білімге құштарлығы бұл шаһардың ажырамас келбетіне айналған. Бүгінгі таңда жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру, оларды бірлік пен келісім құндылықтарына баулу – Шымкент жастарының дамуына серпін беретін маңызды бағыттардың бірі. Осы мақсатта Шымкент аграрлық-техникалық колледжі мен «Сайрам» медициналық колледжінің студенттерімен кездесу өткізіліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл ел болашағысаналатын жас ұрпақтың санасына ортақ құндылықтарды сіңіруге бағытталған игі бастамалардың бірі.

Басқосудың басты мақсатыжастар арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік құндылықтарын қалыптастыру, оларды ел бірлігін сақтауға және татулықты нығайтуға шақыру.

Кездесуге Шымкент қаласының «Қоғамдықкелісім» КММ қызметкерлері Нұржан Абдукаримов пен Тимур Бөрібаев, қалалықҚазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномедиация кеңесінің медиаторы Аббас Шамирзаев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ маманы Әмірәлі Берік және «Шаңырақ» жастармен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сабира Байзахова қатысты.

Жиын барысында жастарға қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің мемлекет тұрақтылығы үшін қаншалықты маңызды екені түсіндірілді. Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, Ассамблея жанындағы этномедиация кеңесінің медиаторы, жастар ресурстық орталығымен қоғамдық бірлестік мамандарыбарлығы мәселенің әр қырын ашып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Әсіресе мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, әлеуметтік желідегі ұлтараздық пен діни алауыздықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды сақтау, еріктілік қызметтің қоғамға пайдасы туралы айтылған ойлар студенттердің белсенді қатысуымен талқыланды. Бұл пікір алмасуларда бірлік бейнесі татулық пен өзара құрметке негізделген ортақ жауапкершілік ретіндегі түсінік арқылы айқын көрінді.

Спикерлер жастарды қоғам өміріне белсендіа раласып, ел бірлігін сақтау ісіне үлес қосуға үндеді.
Өткізілген іс-шараның маңызыжастарды қоғам өміріне бейжай қарамай, елдің болашағына ықпал ететін белсенді азамат болуға шақыруында. Бірлікпен келісім – тек ұран емес, әрбір жастың күнделікті әрекетінен басталатын өмірлік ұстаным.

Сонықтан бұл басқосу студенттердің санасында бейбітшілік пен татулықты қорғауортақ міндет екендігін бекіте түсті. Шымкент жастарының бірлік құндылығын терең түсінуі қаланың ғана емес, елдің де жарқын келешегін айқындайды.


ПІКІР ЖАЗУ