Ақпараттық-түсіндіру тобы жастармен өзекті мәселелерді талқылады

Қазіргі таңда қоғамда орын алып отырған түрлі әлеуметтік, құқықтық және ақпараттық қауіптерге қарсы тұру үшін жастардың білімін кеңейтіп, саналы шешім қабылдауына ықпал ету аса қажет. Бұл ретте, ақпараттық-түсіндіру тобының жастармен кездесуі – олардың құқықтық сауаттылығын арттырып, әлеуметтік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған маңызды шаралардың бірі. Осы мақсатта Шымкент қаласында жастармен жүйелі түрде кездесулер ұйымдастырылып келеді. Мұндай басқосулар жас буынды дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың қоғамдағы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары жастар арасында құқықтық мәдениеттің төмендеуі, әлеуметтік желілер арқылы таралатын жалған ақпараттар, кереғар діни ағымдардың ықпалы, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері және денсаулық сақтау саласына қатысты түсінбеушіліктер өзекті болып отыр. Мұндай қауіптердің алдын алу үшін ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы айрықша маңызғаие. Олар студенттермен тікелей пікір алмасып, нақты мысалдар мен түсіндіру жұмыстары арқылыжастарға дұрыс бағыт-бағдар береді. Бұл – мемлекеттік органдардың қоғаммен байланысы мен ашықтығының көрінісі.
Шымкенттегі Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде өткен кездесу де дәл осындай маңызды мақсатқа бағытталды. Жиынға қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, түрлі салалардың жауапты мамандары қатысып, студент жастармен еркін форматта ой бөлісті. Бұл шараның ерекшелігі – қатысушылардың әрқайсысы өз саласы бойынша нақты әрі пайдалы ақпарат ұсынып, жастардың сұрақтарына толыққанды жауап берді. Сонымен қатар, кездесудің ұйымдастырылуы жастардың әлеуметтік, құқықтық және рухани тұрғыдан сауатты болуына тікелей әсер ететінін көрсетті.
Ақпараттық-түсіндіру топтарының университеттерде жүйелі түрде жүргізген жұмыстары – жас ұрпақтың қоғамдағы өзгерістерге бейімделуіне, заңдарды түсінуіне, өз құқықтарымен міндеттерін білуіне, түрлі қауіптің алдын алуына бағытталған пәрменді құрал. Әсіресе, жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту, қоғамдағы келісім мен бірлікті сақтау, сондай-ақ діни сауаттылықты күшейту – мемлекеттің стратегиялық міндеттерімен тікелей байланысты.
Сондықтан аталған бағыттағы кездесулер – қоғам дамуының маңызды бөлігі және жастардың санасына оң ықпал ететін тиімді алаң саналады.








