Ұлтаралық бірлікті бекемдеуге бағытталған спорттық турнир ұйымдастырылды

0
26

Шымкент қаласында өткен бұл маңызды шара – спорт саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерге деген құрметтің жарқын көрінісі. Әсіресе, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері Толибжон Фазиловтың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған турнир қала өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі болды. Мұндай мерейтойлық жарыстар тек ардагерлер еңбегін дәріптеумен шектелмей, өскелең ұрпақты спортқа баулуда, олардың бойына табандылық пен азаматтық жауапкершілікті сіңіруде маңызды рөл атқарады. Сондықтан бұл шараның өткізілуі қала жұртшылығы үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін мәні зор бастама саналады.

Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің қолдауы айрықша ықпал етті. Осындай ұйымдардың бірлесе әрекет етуі түрлі этнос өкілдері арасындағы ынтымақтастықты арттырып, қоғамдық келісімнің нығаюына жағдай жасайды. Сол себепті спорттық бәсекемен бірге ел бірлігін көрсететін мәдени ортаның қалыптасуы да бұл іс-шараның негізгі құндылықтарының біріне айналды.

Жарыс барысында қатысушылар Т. Фазиловтың спорт саласындағы ұзақ жылдық еңбегі мен жастар тәрбиесіндегі үлгілі қызметін ерекше атап өтті. Бұл өз кезегінде жас буынның ардагерлерді құрметтеу сезімін күшейтіп, олардың жетістіктерінен үлгі алуға шақырды.

Тартысты өткен турнирде ардагерлер өз шеберліктерін, бойларындағы жинақталған тәжірибе мен қайсарлықты паш етті. Ал ұйымдастырушыларға көрсетілген алғыс хаттар еңбектің еленуі ғана емес, қоғамдағы азаматтық белсенділіктің маңызын айқындады. Қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Т.Нишанбаев айтқандай, бұл турнир – тек спорттық дода емес, бейбітшілік пен достықты нығайтатын рухани көпір іспетті.

Осындай іс-шаралардың өткізілуі қоғамдағы бірлікпен ынтымақты арттыруда, ардагерлер еңбегін ұлықтауда, сондай-ақ жастардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын оятуда зор маңызға ие. Спорт ардагерлерінің тәжірибесін бағалауелдің жарқын болашағын қалыптастыруға бағытталған игі қадам. Сондықтан мерейтойлық бұл турнир тек өткенді құрметтеу ғана емес, келешек ұрпаққа бағытталған тәрбиелік мәні жоғары шара болды.

Мұндай бастамалардың жалғасын табуы қоғамның спорттық әлеуетін көтеріп қана қоймай, ұлттар арасындағы өзара сыйластық пен бірлікті тереңдетіп, рухани үйлесімділікті қалыптастыруға ықпал жасайды.


ПІКІР ЖАЗУ