Маңғыстау облысында жастарға арналған кәсіби бағдар беруді дамытуға бағытталған PROF.Mangystau жобасы іске асырылды

0
27

Биыл «Рух жаңғырығы» қоғамдық қоры 2025 жылғы 17 маусым – 19 қараша аралығында жүзеге асқан PROF.Mangystau әлеуметтік жобасының толық аяқталғанын хабарлайды. Жоба Маңғыстау облысы жастары мен жасөспірімдерінің еңбек нарығының талаптарына сәйкес мамандықты саналы және дербес таңдауға ықпал ету мақсатында іске асырылды.

Жоба кәсіби бағдар беру жүйесін институционалдық, әдістемелік және ақпараттық тұрғыда күшейтуге, жастардың ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға және профориентолог мамандардың біліктілігін дамытуға бағытталды.

Маңғыстау облысы жастары мен жасөспірімдерінің кәсіби бағдар алу мүмкіндіктерін кеңейтіп, еңбек нарығының сұранысына сай мамандық таңдауға жағдай жасау. Профориентолог мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында 4 модульден тұратын blended learning форматындағы оқыту бағдарламасы ұйымдастырылды. Елдегі белгілі профориентологтар, коуч-тренерлер арнайы оқыту бағдарламасын әзірлеп өткізді. Қатысушылардың 80%-дан астамы бағдарламаның мазмұнына оң баға берді. Оқыту алдындағы және кейінгі өзін-өзі бағалау нәтижелері бойынша мамандардың кәсіби құзыреттері кемінде 78% деңгейде артқаны тіркелді.

Жастар мен жасөспірімдердің хабардарлығын арттыру бағытында мектептерде профориентациялық кездесулер өткізіліп, «Кәсіп керуені» форматындағы шараларға 1000 оқушы өзінің алғашқы мамандығы туралы ақпарат ала алды. «Менің кәсіби траекториям» онлайн тестіне 1000-ға жуық жас қатысып, оның 70% тест нәтижелерін пайдалы деп бағалады. Сондай-ақ, педагог-профориентологтардың мектептерде «PROF-quest: Кәсіптер әлемі» квесттері өткізіліп, оқушыларға қызықты форматында болашақ мамандықтары туралы ақпараттар берілді. Оқушылардың ақпараттандыру деңгейі сауалнама нәтижелері бойынша кемінде 30% өскені байқалды. Зерттеу нәтижелерге сәйкес жастардың мамандық таңдауда маңызды факторлардың бірі бұл мамандыққа қызығушылық, жалақы мөлшері және ата-ананың бағыт бағдары маңызды деп есептейді.

Жоба өңір жастарының кәсіби бағдар алу мәдениетін қалыптастыруға, мектептердегі профориентациялық жұмыстың сапасын арттыруға, педагогтердің біліктілігін күшейтуге және еңбек нарығы туралы түсінікті кеңейтуге айтарлықтай үлес қосты. Жастардың кәсіби өзін-өзі анықтау деңгейі айтарлықтай көтерілді, ал цифрлық контент жастардың ақпаратқа қолжетімділігін арттырып, заманауи кәсіби бағдар құралдарын өңірде тұрақты дамытуға мүмкіндік берді.

PROF.Mangystau жобасы жоспарланған мерзімде толық жүзеге асырылып, әлеуметтік маңызы жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, Маңғыстау облысында кәсіби бағдар беру жүйесін жаңғыртуға нақты үлес қосты.

«PROF.Mangystau» ресми парақшалары:
📌 Instagram: @prof.mangystau
📌 TikTok: PROF.Mangystau
📌 Facebook: PROF.Mangystau


ПІКІР ЖАЗУ