Шымкентте этномәдени бірлестіктердің жұмысы талқыланды

0
80

Еліміздің әр өңірінде Ассамблея жұмысы жанданып, түрлі жобалар мен бастамалар іске асырылуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің аймақтарға сапарыжергілікті жерлерде атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, қоғамдық келісім мен бірлікті одан әрі тереңдетуге бағытталған.

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігінің Қазақстанхалқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді. Сапар барысында ол еліміздің үшінші мегаполисіндегі Достық үйін аралап, жаңғыртудан өткен этномұражаймен танысты.

Марат Алмасұлы жергілікті этнос өкілдерінің қатысуымен жиналған көне жәдігерлерді тамашалап, мәдени мұраның жалпыұлттық бірлікті бекемдеудегі ерекше рөлін атап өтті. Оның айтуынша, ұлттар мен ұлыстардың тарихы мен мәдениеті ел бірлігінің берік іргетасына айналып үлгерді.

Кездесу барысында ол Мемлекет басшысының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы саясатының жүзеге асырылу барысына тоқталып, Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлердегі рөлін арттыру, этносаралық татулықты нығайту, сондай-ақ жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселелеріне баса назар аударды.

Ассамблея қызметінің өзектілігіне тоқталған Марат Әзілханов бүгінде Қазақстанда қоғамдық келісім мен бірліктұрақтылықтың, ел дамуының басты негізі екенін атап өтті. Ол сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің мемлекеттік бағдарламаларға белсене қатысуы, тіл саясатын ілгерілету, мәдени шараларды кеңінен ұйымдастыру секілді бағыттарда жұмысты күшейту қажеттігін тілге тиек етті.

Сапар аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары жаңадан ашылған Community орталығында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық өкілдігінің белсенділерімен еркін форматта кездесті.

Кездесу барысында жастар патриотизмді дамыту, мемлекеттік тілді дәріптеу бағытында атқарылған жобалар мен бастамалар туралы баяндап, өз ойларын ортаға салды. Олар этносаралық татулықты сақтау, ұлттық бірегейлікті нығайту және көпұлтты қоғамдағы өзара құрмет пен түсіністікті арттыру жолында жастардың белсенді рөл атқара алатынын атап өтті.

Бұл сапар – ел ішіндегі татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстың біркөрінісі. Қазақстан халқы Ассамблеясы алдағы уақытта да қоғамдық келісімді сақтау, этностар арасындағы достықты нығайту бағытында өз жұмысын жалғастыра береді.


ПІКІР ЖАЗУ