«Мықты – мен» атты комикс шықты

0
261

16 қазан күні Алматы қаласындағы №122 жалпы білім беретін мектепте 2«А» сынып оқушысы Жұмабекова Әдемі Қуанышқызының ғылыми жобасы аясында«Мықты мен» атты комикс жанрындағы кітапшасының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға аталмыш мектеп басшысы Сариева Гүлзира Молдабайқызы, 2«А» сыныбының жетекшісі Бақытгүл Дәулеткелдіқызы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ТҮРКСОЙ ұйымы бас хатшысының кеңесшісі, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры,  ақын Мұратхан Шоқан, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын, аудармашы Саят Қамшыгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, PhD докторы, ақын Ержан Жұмабекұлы, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының қызметкері, «Журналистер» одағының мүшесі, Саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі арнайы комиссияның мүшесі, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамдық қорының атқарушы директоры Ардақ Беркімбай, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультеті деканының орынбасары, «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының оқытушысы, театртанушы, докторант ТәңірбергенБолатұлы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі»жобасының жеңімпазы, «Лингвистика» мамандығы бойынша PhD докторы Қуаныш Жұмабекұлы, лингвист, докторант Самал Әлиқызы, ұстаздар, 2«А» сыныбының ата-аналары  және оқушылар қатысты.

Осы кеште Әдемі Жұмабекованыңжобасы аясында қойылым қойылды және оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Атап айтқанда, 2«А» сыныбының оқушылары Базарбай Айкөркем («Ұстазым» әні), Жұмабекова Әдемі, Мұхтар Малика (Қуаныш Жұмабекұлының сөзіне жазылған «Әліппе» әні), Әкімханова Медина, Есенкелді Айша, Мағзұм Азиз, Қанатбек Шәкәрім, Болат Кәусар, Абай Аружан, Мәлік Әбілмансұр, Балалар хоры («Ата-әже» әні), Балалар хоры («Болайықшы осылай» әні, «Тәуелсіз елім» әні, «Желсіз түнде жарық ай» әні). Қайрат Заңғар (Абай өлеңі).Сонымен қатар би және ансамбль ұсынылды. Қойылымға қатысқандар: Мұхтар Малика, Бейбіт Ерсұлтан, Базарбай Айкөркем, Айдар Салимахан, Бақытжан Асылым, Серікұлы Байбек, Қайрат Заңғар, Мәлік Әбілмансұр, Алпысбай Мария, Струков Алим және Бейбіт Ханкелді.

Бітік тастардан кейін кітаптың келгеніне де мыңжылдықтардың мұғдары болды. Ал комикс – әдебиеттегі жаңа жанр. Балалардың әдебиет әлеміне енгізетін – жаңа портал.

Оқушылардың мерейі үстем болсын дейміз!

Жұмабекова Самал Әлиқызы
Лингист, докторант


ПІКІР ЖАЗУ