Қазақстанда Иранмен экономикалық байланыстарды кеңейтуді көздейтін көрме басталды

Шымкент қаласындағы Көрме орталығында Иран Ислам Республикасының тауар өндірушілеріне арналған III сауда-өнеркәсіптік көрме өз жұмысын бастады.
Аталған іс-шараның ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбар Джоукар, сондай-ақ бірқатар ресми тұлғалар мен құрметті қонақтар қатысты.
Көрме барысында Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, Shymkent Invest – Front Office директоры Дінмұхамед Зиятбеков Хосейн Мастали бастаған ирандық делегациямен кездесті. Жиында екі тарапортақ пікір алмасты. Ирандық компания өкілдері өз өнімдерін таныстырып, жергілікті компанияларға инвестиция құюға қызығушылық танытты.
Көрмеге Иранның құрылыс, ауыл шаруашылығы, инженерлік-техникалық, сауда және инвестициялықбағыттағы 20-дан астам жетекші кәсіпорынөкілдері келді. Олар өз өнімдері мен қызметтерінтаныстырып, екі ел арасындағы іскерлікбайланысты кеңейтуге ниет білдірді.
Шара биыл Шымкент қаласында үшінші ретөткізіліп отыр. Қала әкімінің орынбасары өзсөзінде көрменің Қазақстан мен Иран арасындағысауда-экономикалық әріптестікті кеңейтуге, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзегеасыруға және жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерінашуға елеулі ықпал ететінін атап өтті.
Дәстүрлі басқосуда Иран Сауда палатасы, «НуреТус» экспортты басқару орталығы, Иран мен Қазақстанның іскерлік қауымдастықтары, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер қатысты. Олар өзара тікелей байланыс орнатып, ықтимал әріптестік бағыттарын талқылады. Мұндай диалог іскерлік байланыстарды нығайтып, екіжақты экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Көрмеде Иран Ислам Республикасының тауар өндірушілері мегаполис тұрғындарына полимер құбырларын, құрылыс материалдарын, болат және алюминий бұйымдар, жиһаз, текстиль, ыдыс-аяқ және логистика мен мұнай-газ саласына қатысты өнімдерді ала келген. Қазақстан – Азиядағы ет өнімдерін өндіретін жетекші елдердің біріболғандықтан, олар алдағы уақытта екі ел арасында экономикалық ынтымақтастық орната отырып, елімізден ет өнімдерін, сондай-ақ ірі қара мен мал азығын сатып алуға ниет танытты.
Іс-шараға Қазақстан тарапынан мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері шақырылды.
Айта кетейік, көрме 15 қазанға дейін жалғасады.








