Жастар жасампаз болуы қажет

0
169

 

Мемлекет басшысы бүгінгі халыққа арнаған Жолдауында бірқатар қоғамдық үдерістерге тоқталып өтті. Әрбір азамат мемлекетшіл, отаншыл болуы керек екенін айтты. Бұлжастарға өте керек қасиет. Президент қазіргі жастар үшін патриотизмнің басты көрсеткішіжасампаздық пен жаңашылдық екенін де айтты. Өз ісінің маманы, адал кәсіп иелері Қазақстанды дамыған, көркейген мемлекет ретінде көргісі келеді.

Жалпы, өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс. Қазіргі уақытта жоғары жетістіктерге жетуге барлық азаматтың мүмкіндігі бар. Ол үшін адал еңбек етіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру қажет. Президент «Сондықтан ғылым-білімге ұмтылған, елін-жерін көркейтуді ойлаған жастарға әрдайым жан-жақты қолдау көрсете береміз. Біз қолға алған ауқымды жұмыстың бәрі жастардың жарқын болашағы үшін жасалып жатыр. Өскелең ұрпақ ертең соның игілігін көреді, оны еселеп, лайықты жалғастырады» деді. Расында, қазіргі таңда азаматтардың жетістікке жету жолында барлық жағдайлар жасалған. Мемлекет тарапынан білім алуға, кәсіппен айналысуға, ғылым мен өнерді дамытуға кең мүмкіндіктер ұсынылып отыр. Сан түрлі бағдарламалар мен қолдау тетіктері әрбір азаматтың өз қабілетін толық ашуына жол ашады. Бұл арқылы әрбір адам жеке дамуға қол жеткізіп, қоғамның гүлденуіне үлес қоса алады. Оларға тек қана адал еңбек етубасты міндет

Біз ел абыройын асқақтату мақсатында еңбек еттік. Әлем чемпионаттары, Азия ойындарында жүлдегер болдық. Қазіргі уақытта шәкірт тәрбиелеп, жастардың спорттан өз жолын табуына, жоғары жетістіктерге жетуі жолында еңбек етіп келеміз. Ендігі ретте біз бағындырған биікті жас ұрпақ жалғастыруы тиіс. Ортақ мақсаттарға осылайша бірге қол жеткіземіз.

Біржан ЖАҚЫПОВ, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері


ПІКІР ЖАЗУ