Мүмкіндігі шектеулі жастардың шексіз мүмкіндіктері: Шымкентте спорт пен өнер тоғысқан ерекше жобалар өтті

0
162

Шымкент қаласында отбасы күніне орай Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жастардың дарыны мен қайсарлығын паш еткен ауқымды мәдени-әлеуметтік шаралар өтті. Екі күнге жалғасқан бұл жобаның басты мақсатықоғам назарын ерекше жандарға аудару, олардың спорт пен өнердегі жетістіктерін насихаттау және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау болды.

Спорт – қайсарлықтың мектебі

11 қыркүйек күні өткен спорттық турнирлерде үстел теннисі, шахмат пен тоғызқұмалақтан жарыстар ұйымдастырылды. Бұл жарыстаржай ғана бәсеке емес, өмірдің сан түрлі сынақтарына мойымайтын жастардың табандылығы мен жігерінің айқын көрінісі болды.

Жеңімпаздар лайықты марапаттарын алды:

Үстел теннисі: 1 орынМамажанов Розимұрат, 2 орынНарзуллаев Арсланбек, 3 орынЖақыпбек Дастан.

Тоғызқұмалақ: 1 орынЕргешбай Қайсар, 2 орын– Айтбаева Айсулу, 3 орынҚарашаш Еркебұлан.

Шахмат: 1 орынНұрақ Бақытжан, 2 орынАрип Сүндет, 3 орынКудратов Гуламжан.

Оларға медальдар, кубоктар, гүл шоқтары және қомақты қаржылай сыйлықтар табысталды. Бұл марапаттаролардың еңбегінің жемісі, қайсарлығының айғағы.

Өнержанның айнасы

12 қыркүйек күні өткен шығармашылық кеште ерекше жастардың өнерге деген құштарлығы мен таланты барша көрерменді тәнті етті. Ән мен би, әдебиет пен қолөнер тоғысқан кешнағыз шабытпен шынайылықтың мерекесі болды.

Кеш барысында 40 алғыс хат пен гүл шоқтарытабыс етіліп, 10 жас талантқа ынталандыру сыйлығы ретінде ұялы телефон берілді. Бұл тек сыйлық емес, олардың жүрегіне сенім ұялатқан үлкен қолдау еді.

Қоғамға бейімделудің көпірі

Жобаның тағы бір маңызды бөлігіқаладағытарихи-мәдени орындарға ұйымдастырылғанэкскурсиялар. Бұл сапарлар жастардың мәденитанымын арттырып қана қоймай, олардыңқоғаммен етене араласуына, рухани тұрғыдадамуына ықпал етті.

Бұл шараларбір күндік мереке емес, болашаққасалынған сенім көпірі. Өйткені, ерекше жандарғақолдау көрсетуқоғамның өркениеттілігінің, адамгершілігінің өлшемі.

Ұйымдастырушылар атап өткендей:

«Бұл іс-шаралар арқылы біз мүмкіндігі шектеуліжастардың бойындағы шексіз мүмкіндіктерді пашеттік. Олар қоғамға үлгі боларлық қайсарлығыменерекшеленеді. Ең бастысыолардың сенімінарттырып, үлкен өмір жолына жетелеу».

Шымкентте өткен бұл мәдени-әлеуметтік жобалар – қоғамдағы инклюзивтілікті нығайтуға, ерекше жастардың әлеуетін ашуға бағытталған үлкен қадам. Спорттағы жеңіс, өнердегі шабыт, қоғамдағы белсенділік – осының бәрі олардың шынайы өмірге деген құлшынысын арттырды.

Бұл жобалар бізге бір нәрсені анық көрсетті: ерекше жастармүгедек емес, олар шексіз мүмкіндіктердің иелері.


ПІКІР ЖАЗУ