Театрда ұлттық құндылықтарды ұлықтаған қойылым сахналанды

0
129

Шымкент қалалық опера және балет театры XVIII маусымының шымылдығын түрді. Жаңа маусымның алғашқы қойылымы ТасқынЖармұхамбетовтің «Домалақ ана» операсы. Қазақхалқының тарихында аналық мейірім мен ел бірлігінің символына айналған ұлы ананың бейнесісахна төрінде жаңаша сипатта өрнектелді.

Қойылымға көрнекті өнер майталмандары атсалысып, театр ұжымы көрерменге әсерлі туынды сыйлады. Жаңа маусымның тұсауын кескен«Домалақ ана» операсы көрерменнің зор қызығушылығын тудырып, қазақ өнерінің рухани қазынасын толықтырған маңызды мәдени оқиғаға айналды.

Шымкент қалалық опера және балет театрының шығармашылық жөніндегі орынбасары Мәдіхан Дүйсеевтің айтуынша, бұл туынды – қазақхалқының рухани құндылықтары мен аналар бейнесінің асқақтығын, ұлттық бірлігін ұлықтауда айрықша орын алады.

«Өздеріңізге белгілі, 2021 жылы тр басшысы Майра Мұхаммеджанқызының тапсырмасы және жеке шығармашылық идеясы бойынша композитор Тасқын Жармұхамбетовтің «Домалақ ана» операсы араға 30 жыл салып қазақ операсына қайта оралған болатын. Опера оқиғасы жас қыз Нүриланыңаналық жолға қадам басып, ғұмырын елгеарнауынан бастау алады. Қойылым барысындаананың шексіз махаббаты, қамқорлық пен қайсарлықтың күші және ел татулығын сақтаужолындағы парасатты қадамдары көрініс тапты. Бұдан бөлек, Бәйдібек батырдың бейнесі де айрықша ашылып, халқымыздың тарихи тереңдігімен рухани байлығы сахна тілімен сөйледі».

Тәуелсіз Қазақстан жылдарында жазылған екінші опера, «Домалақ ана» қойылымы – аналық махаббат пен даналықтың, ел бірлігі мен рухани тұтастықтың көркем шежіресі. Операда тарихи оқиғалар мен ұлттық болмыстың терең бейнесі өріліп, қазақ халқының асыл құндылықтары көрініс табады.

Шымкент қалалық опера және балет театрының солисі Үралхан Сейілбекова өз сөзінде, халыққа қажырлы еңбегімен танылған тарихи тұлғаның бейнесін сахнада сомдау – үлкен жауапкершілік екенін жеткізді.

«Жалпы елге еңбегін сіңірген бейнені сахнаға алып шығу үшін көптеген дайындық жасалды. Оның әрбір айтатын ариясы, сөзі, образы, Бәйдібекке деген сүйіспеншілігібарлығы көріністабуы үшін көп еңбектендім. Соның нәтижесіндеосы операға шығып отырмын»,  дейді ол.

Маусымның ашылу салтанатына көптеп жиналған өнерсүйер қауым театр әртістерінің кәсіби шеберлігі мен сахналық көркемдігіне, әр образдың терең жеткізілуіне жоғары баға берді. Бұл — театр ұжымының үздіксіз ізденісінің, өз ісіне деген адалдығы мен махаббатының айғағы. Театр ұжымы жаңа маусымда тың жобалар мен мазмұнды қойылымдармен өнерсүйер қауымды қуантуды жоспарлап отыр.

 


ПІКІР ЖАЗУ