Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасы таныстырылды

Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайдакөтерген бастамасы аясында республикалық жоба іске қосылды.
Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайда көтергенбастамасы аясында «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасының ресми таныстырылымыөтті. Іс-шараға жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, педагогтер, жастаржәне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріқатысты.

Аталған жоба «Кітап оқитын ұлт» қоғамдыққорының бастамасымен жүзеге асырылып отыр. Жобаның мақсаты – елімізде кітап оқу мәдениетіндамыту, ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыру жәнеәр жастағы азаматты сапалы әдебиетпен қамту.
Кешенді құрылымға ие жоба алты санаттықамтиды:
•Кітап оқитын мектеп
•Кітап оқитын колледж
•Кітап оқитын университет
•Кітап оқитын педагог
•Кітап оқитын мемлекеттік қызметші
•Кітап оқитын әулет
Әрбір қатысушы өзінің санатына сәйкес арнайыәзірленген кітаптар тізімі бойынша 15 туындыныоқуы тиіс. Бұл тізім ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ғылыми институттар мен академиялыққауымдастық өкілдерінен құралған сарапшылартобының ұсынысы негізінде бекітілген. Кітаптардың мазмұны мен көлемі оқырмандардыңжас ерекшелігі мен кәсіби бағыттарына сайтаңдалған. Ең қысқа шығарма – 120 бет, ал еңкөлемдісі – 700 беттен аспайды. Орташа алғанда, бір кітаптың көлемі 300–400 бетті құрайды.
Жоба бағдарламалар тобының жетекшісіБекарыстан Аманжоловтың айтуынша, бастаманыңбасты ерекшелігі – кітап оқуға ынталандырумақсатында қомақты жүлде қорының бөлінуі.
«Қазақстан қазіргі таңда әлемдік рейтингте кітапоқитын елдер арасында төменгі орындарда тұр. Бізбұл көрсеткішті жақсартып, елімізді алғашқыондыққа енгізуді мақсат тұтып отырмыз. Сол үшінхалықты қызықтыруға бағытталған қаржылайынталандыру тәсілін қолдандық. Әр санаттыңжеңімпазына 1 миллион теңге көлемінде жүлдетағайындалды», – деді ол.
Жалпы жүлде қоры – 40 миллион теңге. Әрбірсанат бойынша:
•1-орын иегеріне – 1 000 000 теңге
•2-орынға – 600 000 теңге
•3-орынға – 400 000 теңге көлемінде сыйақықарастырылған.
Жобаның аясында түрлі форматтағы іс-шараларөткізіледі:
•мектеп оқушылары үшін – әдеби байқаулар,
•колледж және ЖОО студенттері үшін – дебаттурнирлері,
•педагогтер үшін – викториналар мен квиздер,
•мемлекеттік қызметшілер үшін – кәсібиәдебиеттер бойынша талқылау кездесулері.
«Кітап оқитын әулет» санатында – кемінде бес мүшеден тұратын отбасы мүшелері бірлесе кітапоқып, шығармаларды талқылау арқылы үлгікөрсетеді.
Қатысушылар қыркүйек пен ақпан айларыаралығында кітаптарды оқып, әр шығармабойынша қысқаша рецензия жазып отырады. Барлық үдеріс «Readination» деп аталатын арнайыонлайн жүйе арқылы бақыланады. Бұл платформа қатысушылардың оқыған кітаптарын тіркеуге, рейтингін бақылауға және байқаудың әділ өтуінқамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жоба демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылыпотыр. Бас демеуші – «Alaygom Electric Company», негізгі серіктестер қатарында AMANAT партиясыжәне жергілікті атқарушы органдар бар.
Қазіргі таңда бастама пилоттық жоба ретіндеҚарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында қолға алынып жатыр. Алдағы уақыттажоба аясында бүкіл Қазақстанды қамту көзделуде.








