Қалалық сенбілік ұжымдық бірлікті бекемдеуге септігін тигізеді

Шымкентте Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратыныңұйымдастыруымен жалпы аудандық сенбілік өтті. Сенбілікке аудан тұрғындарымен қатар бірқатарбасқарма қызметкерлері мен әскерилер жұмылақатысып, игі іске үлес қосты.
Мұндағы басты мақсат – сенбілікке қатысушылардың тек аталған аумақты тазартуынемесе көгалдандыру жұмыстарын жүргізуі ғанаемес, сонымен қатар қоғамға үлгі болу, азаматтықбелсенділікті арттыру және жастар арасындаеңбекке құрметпен қарау мәдениетінқалыптастыру. Олар сенбілікке атсалысу арқылытуған жерге деген жанашырлық пен жауапкершілікті нақты нәтижелі іспен көрсетіп, қоршаған ортаны қорғау мен көркейтуге өзсептіктерін тигізеді. Бұл бастама жастарға патриотизм тек әскери дайындықпен шектелмей, ел игілігі жолындағы кез келген пайдалы іс арқылы көрінетінін ұғындыруға бағытталған.

Күздің келуімен бірге қала көшелерінде сарғайған жапырақтар төгіліп, қоқыс көлемі артып, айнала тазалығы да ерекше күтімді қажет ететін шақтағы іске 15 техника жұмылдырылып, 10 тонна қоқыс шығарылды. Жалпы аудан аумағында 449 қызметкер мен 35 техника жұмыс істеп, нәтижесінде 20 тоннадан астам қоқыс тазартылды.

Сенбілік барысында қураған ағаштар мен бұтақтар қырқылып, айнала шөп-шаламнан арылды. Жол жиектеріндегі қоқыс жәшіктері де күл-қоқыстардан тазартылды. Айналада көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, гүлзарлар ретке келтірілді. Сонымен қатар, жолдар мен аяқжолдар жуылып, аумақтың санитарлық тазалығы барынша назарға алынды.

Шара барысында Тұрғын үй басқармасы, Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, Білім басқармасы, Дін істері басқармасы қызметкерлері және 35748 әскери бөлімінің сарбаздары белсене қатысып, қала тазалығына үлес қосқандарына дән риза.
— Қаланы таза ұстау — бәріміздің ортақ парызымыз. Сенбілік тек бір күндік шара емес, ол – қоғамды тазалық пен тәртіпке, табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақыратын игі дәстүр. Әр тұрғын өз ауласынан бастаса, қаламыз көркейе түседі, — дейді аудан тұрғыны Айгүл Мейірбекова.
Сенбілікке қатысқан әрбір жанның еңбегі қаланың тазалығын сақтап, көркін ашуға үлес қосты. Осындай ортақ істің арқасында қаламыз бұрынғыдан да жайқалған, жайлы шаһарға айнала түсуде.
Мұндай шаралар барша қызметкерлер мен тұрғындар арасындағы өзара байланыс пен түсіністікті нығайтып, қоғамда бірлік пен ынтымақтың артуына септігін тигізеді.








