Конституцияның маңыздылығын көпшілікке насихаттайтын патриоттық сағат өтті

0
170

Қазақстан Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған болатын. БұлТәуелсіз Қазақстанның құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуына негіз болған маңызды тарихи оқиға. ҚазақстанРеспубликасының Ата заңы кіріспеден және 10 бөлім мен 99 баптан тұрады. Осы жылдар ішінде Конституция мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің іргетасына айналып, қазақстандықтардың құқығы мен бостандығының сенімді кепілі ретінде өз миссиясын адал атқарып келеді.

Атаулы мереке қарсаңында Абай атындағы орталықкітапханасының ұйымдастыруымен  «Ата Заңелдігімнің еңсесі» атты патриоттық сағаты өтті.

Шараның мақсатыелдің басты құжаты саналатынКонституцияның мәні мен маңызын көпшіліккенасихаттап, жастардың бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыруболды.

Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, елге деген сүйіспеншілікті білдіретін Тәуелсіздікпен Ата Заң туралы жүрекжарды өлеңдер оқылды.Сонымен қатар, кешке арнайы шақырылғанқонақтарқоғам белсенділері мен зиялы қауымөкілдері және ардагерлер жастарға Тәуелсіздікжылдарындағы жетістіктер мен Ата Заңның ел өміріндегі орны жайлы тағылымды әңгімелер айтып, оқырмандарды мерекемен құттықтады.

Ал кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен«Ата Заң – ел тірегі» тақырыбында кітап көрмесікөпшіліктің назарына ұсынылды. Көрмеде қойылған заң әдебиеттері мен тарихи құжаттарқатысушылардың айрықша қызығушылығын тудырып, Конституция тарихына қатысты мол мағлұматпен танысуына мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Қазақстан РеспубликасыКонституциясының қабылданғанға дейінгі конституциялық актілер, сондай-ақ Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы заңнамалық реформалар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бағытындағы маңызды құжаттармен де жақынырақ танысты. Сонымен қатар, аталмыш көрме арқылы жастар еліміздің құқықтық жүйесінің даму сатыларымен, заң ғылымының негізгі бағыттарымен және құқықтық мәдениеттің мән-маңызын ұғынды. Іс-шараға қатысушылар көрменің мазмұндылығын жоғары бағалап, өз білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік алғандарын жеткізді.

Шара соңында қатысушылар Ата Заңымызға деген құрметтерін білдіріп, ел болашағы үшін жауапты азамат болу қажеттігін атап өтті. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясы – тек құқықтық құжат қана емес, сондай-ақ ел бірлігінің, бейбіт өмір мен тұрақтылықтың негізі екендігін жеткізді.Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, елжандылыққа тәрбиелеуде ерекше маңызға ие.


ПІКІР ЖАЗУ