Ақмола жастары Халықаралық мерекені бірге тойлады

0
221

Көкшетаудағы «Қопа» көлінің жаңа жағалауында Халықаралық жастар күні open air форматында аталып өтті. Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев, белсенді жастар, волонтерлер, өнерпаздар және қала тұрғындары қатысты.

Мереке аясында «Color fest», сиқыршы шоуы, фото алаңы, өнер қабырғасы, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, IT-hub, ашық микрофон, аула ойындары, спорттық және зияткерлік жарыстар, отбасылық эстафеталар, сондай-ақ жергілікті өнерпаздардың концерті ұйымдастырылды.

Кешкі бағдарламада түрлі ойындар мен конкурстар өтіп, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, жастар саясаты саласындағы белсенділерге облыс әкімі атынан алғыс хаттар берілді.

 


ПІКІР ЖАЗУ