ШЫМКЕНТТЕ ЖАС ҰРПАҚҚА ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ МАҚСАТЫНДА ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
244

Азаматтарға патриоттық тәрбие берудің басты бөлігі, бұл –әскери-патриоттық тәрбие. Әскери-патриоттық тәрбие еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сенімді қорғаныс міндеттерді, патриоттық және рухани-психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға негіз болады.

Патриоттық тәрбиенің танымдары – жастарды Отанды қорғауға даярлау, жас азаматтардың үлгі боларлық мінездерін қалыптастыру болып табылады. Сондықтан жастардың дүние танымын, білімін, көзқарасын қалыптастыруда әскери жиындар мен жарыстардың жиі өткізілуі шешуші рөл атқарады.

Жуырда Шымкент қаласындағы 50120 әскери бөлімінің базасында  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының 2025 жылға арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, аумақтық қорғаныс құрылымдары арасында оқу-әдістемелік жиынның ашылу рәсімі өтті.

Аталған шара жауынгерлік даярлық шеңберінде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында спорттық жарыстармен басталды. Атап айтқанда, алғашқы күні өңірлік қолбасшылықтардың аумақтық әскерлері бөлімдерінің басшылары мен аумақтық қорғаныс бригадалары командирлері арасында волейболдан жолдастық турнир өткізілді.

Әскери жиынның басты мақсаты – аумақтық қорғаныс саласындағы өзара іс-қимылды үйлестіру, жұмылдыру дайындығын дамыту, жастардың бойына отансүйгіштік сезімді сіңіре отырып, әскери-патриоттық тәрбие мен салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеу.

Шараға Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Асқар Жоламанов, аумақтық қорғаныс департаменттерінің бастықтары, әкімдіктердің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшілері, сондай-ақ аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармаларының басшылары қатысты.

Волейбол турниріне бес команда қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар қатарында:

Әкімдердің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшілерінен құралған команда;

Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің командасы; Аумақтық қорғаныс бригадалары командирлерінің командасы;

Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармаларының өкілдерінен құралған команда;

Шымкент қаласындағы резервтегі қорғаныс бригадасының командасы болды. Айтулы жарыс әскери қызметшілердің спорттық шеберлігін шыңдап қана қоймай, олардың бірлігін, ұйымшылдығын және командалық рухын арттыруға оң ықпал жасады.

 


ПІКІР ЖАЗУ