Шымкентте діни ахуалды тұрақтандыруға арналған республикалық семинар өтті

0
346
Шымкент қаласында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету және деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелеріне арналған республикалық семинар-конференция өтті. Іс-шараны Шымкент қаласы Дін істері басқармасы ұйымдастырды.
Семинар «Діни саладағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары» тақырыбында өтіп, еліміздің түрлі аймақтарынан дін істері басқармалары мен дін мәселелері жөніндегі орталықтардың басшыларын біріктірді. Жиын барысында діни ахуалға қатысты бірқатар маңызды тақырыптар қаралды. Атап айтсақ, әкімшілік құқық бұзушылықтар аясында діни қызметті реттеу, интернет кеңістігінде діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету, интернеттегі діни құқық бұзушылықтарды анықтау және оларға қарсы әрекет ету жолдары туралы болды.
Семинардың басты мақсаты – өңірлік деңгейде жинақталған оң тәжірибемен бөлісу, өзара іс-қимылды күшейту және радикалды ағымдарға қарсы кешенді жұмыс жүргізу. Сонымен қатар, діни экстремизмнің алдын алу, жастар арасында радикалды идеологияның таралуына қарсы тұру, діни сауаттылықты арттыру, конфессияаралық келісімді нығайту және деструктивті діни ағымдардың ықпалына қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері талқыланды.
Шымкент қаласы Дін істері басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев интернет кеңістігіндегі діни сипаттағы қауіптерге тоқталып, қоғамда адасушылыққа ұшыраған азаматтарды ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлер арқылы оңалту қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Айдос Оралбаев радикалды ағымдардың ықпалына түскен азаматтармен жұмыс жүргізу саласындағы тәжірибе мен жетістіктер туралы баяндама жасады.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан дін саласындағы болашақ іс-шараларды жетілдіруге бағытталған нақты ұсынымдар қабылданып, мемлекеттік және жергілікті деңгейде өзара әрекеттестікті нығайту жайы талқыланды.

ПІКІР ЖАЗУ