Ұлытау ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізілуде

0
295

Ұлытау облысына қарасты Ұлытау ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді. Аудандық деңгейде құқық бұзушылықтың алдын алу, ашықтықты қамтамасыз ету және қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша бірқатар маңызды жұмыстар атқарылуда.

Ұлытау ауданы деңгейінде мемлекеттік органдар мен жергілікті мекемелерде “Ашық бюджет”, “Ашық есік күні”, “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидаттары аясында тұрғындармен жүйелі байланыс орнатылған. Аудан тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары назардан тыс қалмай, шешім қабылдау процесіне қоғамдық бақылау енгізіліп отыр.

Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған семинарлар, тренингтер мен ақпараттық кездесулер тұрақты өткізіліп, құқықтық мәдениетті көтеруге үлес қосуда. Ерекше көңіл жастармен жұмысқа бөлініп, мектептер мен колледждерде адалдыққа тәрбиелеуге бағытталған жобалар мен “Адал ұрпақ”, “Саналы ұрпақ” клубтарының жұмысы жолға қойылған.

Аудан әкімдігі мен құқық қорғау органдарының бірлесуімен мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты түсіндіріліп, этикалық нормаларды сақтау мәселесі басты назарда тұр. Бұл бағыттағы бақылау да, қоғамдық мониторинг те жүйелі түрде жүргізіліп отырады.

Сонымен қатар, елімізде 2025 жылы сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты бірқатар маңызды заңнамалық өзгерістер қабылданды. Атап айтқанда:

2025 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа заң бойынша мемлекеттік қызметтегі пара алғандар мен делдалдарға жаза күшейтілді. Енді пара алу фактісі бойынша алғашқы рет ұсталған адамдарға да бас бостандығынан айыру жазасы міндетті түрде қолданылады.

Шартты түрде сотталу мүмкіндігі жойылды – ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы жасаған тұлғалар ешқандай жеңілдікке ілікпейді. Мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар үшін айыппұл көлемі ұлғайды және компаниялар тендерге қатысу құқығынан бірнеше жылға айырылады.

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған азаматтар үшін құқықтық қорғаныс күшейтіліп, ақшалай сыйақы мөлшері көбейтілді.

Ұлытау – тек тарихи, мәдени орда ғана емес, сонымен қатар, әділетті, таза қоғам құру жолында батыл қадам жасап жатқан аймақ. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек заңмен емес, азаматтық ұстаныммен де жүретін ортақ іс. Ұлытаулықтар бұл бағытта заңға да, арға да сүйене отырып, адалдық пен әділдік жолын таңдауда.


ПІКІР ЖАЗУ