Еліміздегі халық саны 20 млн асты

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды
2025 жылғы 1 маусымдағы ресми дерекке сәйкес, еліміздегі халық саны 20 370 672 адамға жетті деп хабарлайды Democracy.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Жыл басынан бергі өсім – 87,2 мың адам:
▪️ 80 мың – табиғи өсім есебінен (туу – өлім айырмасы)
▪️ 7,2 мың – көші-қон арқылы (елге келгендер мен кеткендер айырмасы)
1 миллионнан астам тұрғыны бар өңірлер (TOP-7):
1. Алматы қаласы – 2 314 929 адам;
2. Түркістан облысы – 2 150 992 адам;
3. Алматы облысы – 1 575 657 адам;
4. Астана қаласы – 1 566 566 адам;
5. Шымкент қаласы – 1 274 296 адам;
6. Жамбыл облысы – 1 220 481 адам;
7. Қарағанды облысы – 1 133 068 адам.