Жазда суға түскенде абай бол!

0
28

Жаз — демалыс пен шомылу маусымы. Көпшілік үшін бұл уақытты өзен-көл жағасында өткізу — шын мәніндегі рахат. Дегенмен, су — тек тынығу көзі ғана емес, сонымен қатар қауіп көзі де бола алады. Сондықтан жазда суға түскенде әрбір адам қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс деп жазады Democracy.kz

Суда шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

1. Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз. Арнайы жабдықталған жағажайларда құтқарушылар кезекшілік етеді, бұл сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді.

2. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Бала тек ересектердің бақылауында суға түсуі қажет. Балалардың суға деген қызығушылығы жоғары, бірақ олар қауіп-қатерді әрдайым сезіне бермейді.

3. Мас күйінде суға түспеңіз. Алкоголь адамның ойлау қабілетін төмендетіп, әрекет ету қабілетін әлсіретеді.

4. Суға күрт секірмеңіз. Әсіресе белгісіз тереңдіктегі немесе түбі көрінбейтін жерлерде секіру өмірге қауіпті.

5. Қатты шаршаған немесе тоңып қалған кезде суға түспеңіз. Бұл жағдайда аяқ-қол тартылып, адамның тұншығуына себеп болуы мүмкін.

6. Жүзу білмесеңіз, арнайы жабдықтарсыз суға кірмеңіз. Құтқару жилеті немесе үрлемелі құралдар қажет.

Суда шомылу – денсаулыққа пайдалы, көңіл көтеретін демалыс түрі. Алайда кез келген жағдайға дайын болып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау – әр адамның міндеті. Өзіңіздің де, өзгелердің де өмірін бағалайық!

 


ПІКІР ЖАЗУ