«Астана Опера» Павлодарға жол жүреді

0
192

«Астана Опера» опера солистері, оркестр мен миманс әртістерінің Павлодардағы өнер көрсетуі театрдыңЖұмысшы мамандықтар жылы аясындағы Қазақстан қалалары бойынша гастролінің жарқын қорытындысыболады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Eurasian Resources Group (ERG) жетекші халықаралық өнеркәсіптік компаниясының қолдауымен 28 маусымдаелордалық труппа Естай атындағы қалалық мәдениетсарайының сахнасында Антонио Вивальдидің «Қаһарлы Орландо» операсын, сондай-ақ «Музыка бейнелейді және әңгімелейді» топтамасынан балаларғаарналған концерт ұсынады.

Елордалық труппа үшін бұл павлодарлық сахнадағыалғашқы өнер көрсету емес екенін атап өтуіміз керек. Үшжыл бұрын театр ұжымы ERG құрамына кіретін қалақұраушы кәсіпорындардың қызметкерлері мен олардыңотбасылары және қаланың басқа да тұрғындары алдында өзөнерін паш еткенін еске саламыз. 2022 жылы сәуірдеПавлодардағы өнер көрсету «Астана Операның» Қазақстанбойынша гастрольдік турын ашып берген еді. Бұдан бөлек, өзінің сұлу табиғатымен, бай тарихымен және мәдениетіментанымал осынау маңызды өнеркәсіптік орталық жарқын әрісан алуан бағдарламалармен барған театр әртістерін біремес, бірнеше рет жылы қарсы алды.

Бұл жолы павлодарлық классика сүйер қауымның назарынаұсынылатын көрнекті композитор Антонио Вивальдидің «Қаһарлы Орландо» операсы театр репертуарындағы жаңаәрі жарқын қойылымдардың бірі, оның премьерасы «Piccolo театры» әйгілі жобасының аясында былтыр күзде зор табыспен өткен. Қазақстанда тек «Астана Опера» сахнасында өтетін бірегей спектакль сүйкімді Анжеликаға деген жауапсыз сезімінің салдарынан есінен адасатынержүрек рыцарь Орландоның қайғылы махаббаты жайлы баяндайды. Айбынды жауынгер зұлым сиқыршы Альчинаның тұтқынына түседі. Өз қалауын орындау үшін сиқыршы әйел адамдардың өмірімен ойнайды.

Павлодарлық көрермендердің алдында театрдың опера труппасының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев бастаған жарқын солистер өнер көрсетеді. Спектакль кейіпкерлерінің бейнелерін Сұлтан Бақытжан (Орландо), Қазақстанның еңбек сіңірген кайраткері Салтанат Ахметова (Брадаманте), Салтанат Мұратбекова (Альчина), Әсем Сембина (Анжелика), Артур Ғабдиев (Медоро), Нарұл Тойкенов (Руджеро) және Алтынбек Әбілда (Астольфо) жүзеге асырады. «Астана Опера» Камералық оркестрін Қазақстанның халық әртісі Абзал Мұхитдин басқарады.

Жуырда ғана біздің труппа Рудныйда өнер көрсетті. Біздер, әртістер үшін асқақ өнерді өңір тұрғындарына ұсыну – зор бақыт әрі мәртебе. Көрермендер спектакльді жылы қабылдады, бұл біздің орындауымыз олардың жүрегінен орын алғанын білдіреді, бұған көпшіліктің зор қошеметі дәлел бола алады. Тіпті, опералық қойылымға алғаш келген көрермендердің өзінде операға деген сүйіспеншілікті ояту үшін бар күшімізді салуға тырыстық. Енді павлодарлықтардың алдында өнер көрсететін мүмкіндікті тағатсыздана күтудеміз және олардың да жүрегінен орын аламыз деген үміттеміз, — деді «Астана Операның» жетекші солисі Салтанат Ахметова.

Жас театр сүйер қауым да назардан тыс қалмайды: павлодарлық балалар үшін «Музыка бейнелейді және әңгімелейді» топтамасынан танымдық концерт әзірленді. «Астана Опера» камералық оркестрінің, опера труппасысолистері мен концертмейстерлер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Долорес Үмбетәлиева мен Раушан Бескембированың орындауындағы аспаптық және вокалдық нөмірлер балаларға опера дауыстары мен оркестраспаптарының әлемін ашады. Әрбір нөмір музыкатанушыТолғанай Артықбаеваның танымдық әңгімесімен толықтырылып отырады.

ERG «Астана Опера» театрына көптеген жылдар бойы қолдау көрсетіп келеді, себебі асқақ өнердің Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындарына қолжетімді болғаны біз үшін маңызды. Біздің компания театрдың құрылысына қаражат аударып отырған еді, ал енді бүгінде біз оның гастрольдік қызметін қолдауды мақтанышпенжалғастырудамыз. Біз өндірісті жаңғыртуға, кәсіпорындарды дамытуға ғана қаржы салмаймыз, сонымен қатар барлық өңір тұрғындарына қамқор боламыз.Кәсіпорындарымыздың қызметкерлері мен олардың отбасы үшін бұл құнды мәдени тәжірибе және нағыз мереке, – деп қорытындылады Қазақстандағы Eurasian Resources Group бас директоры Серік Шахажанов.

Айта кетейік, елордалық шығармашылық ұжымның Қазақстан қалалары бойынша гастролі Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтуде. Сондықтан негізгі көрермендер аудиториясын ERG құрамына кіретін(Павлодарда бұл Қазақстан алюминийі, Қазақстанэлектролиз зауыты, ERG Service, Евроазиаттық энергетикалық корпорациясы, Ақсу ферроқорытпа зауыты,«Восточный» көмір кеніші, ТрансКом және тағы басқалары)маңызды өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметкерлері құрайды. Өнер көрсетулер халқымыздың мәдени игілігі мен өнерін республикамыздың әрбір қиырында ілгерілету ісіне«Астана Операның» қосқан үлесі болды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтыңөңірлерді дамытуға зор көңіл бөлуі кездейсоқ емес, бұл елімізді тең әрі үйлесімді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды саясаттың бір бөлігі болып табылады. Сондай-ақ өнерді насихаттау, мәдени бастамаларды қолдау және ұлттық мұраны сақтау осы жауапты міндеттің негізгі аспектілерінің бірі саналады.


ПІКІР ЖАЗУ