«Опералияның» жазғы музыкалық кештері

0
26

«Астана Опера» театрының танымал хор ұжымы«Опералия-2025» халықаралық музыкалықфестивалінде Kazakh Spirit and Tango Rhythms («Қазақрухы мен танго ырғақтары») ұмытылмас концертімен өнер көрсетеді. 11 маусымда музыкалық кеш аясында Қазақстанда алғаш рет К.Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасында заманауи аргентиналық композитор Мартин Пальмеридің «Misatango» бірегей туындысы шырқалады.

Музыкалық қызметтің классикалық өнерде айрықша орын алатын ең күрделі әрі маңызды түрлерінің бірі хорменорындаушылықтың жоғары деңгейін тыңдармандарға елордалық опера театрының ерекше хоры паш етеді. Театрдың бас хормейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітовтің жетекшілігіндегі «Астана Опера» хоры Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ одан тыс жерлерде де кең танымалдылыққа ие екенін атап өтуіміз керек. Көптеген халықаралық байқаулар мен фестивальдерде жеңіске жеткен ұжым әлемдік сахналарда гастрольмен табысты өнер көрсетіп, театрдың опералық қойылымдарында хор партияларын орындауда.

Мазмұнды бағдарламаның бірінші бөлімінде ұжым театрдың аға хормейстері Дәурен Мусиннің басқаруымен қазақстандық композиторлардың туындылары мен шетелдік хор музыкасының жауһарларын орындайды. Осы ретте өнер көрсету аспаптық сүйемелдеусіз, «а капелла» стилінде өтетінін атап көрсетуіміз керек. Бұл хор әртістерінің де, хормейстердің де жоғары шеберлігін талап етеді.

Ал Мартин Пальмеридің 6 бөліктен тұратын «Misatango»жарқын шығармасының қазақстандық премьерасын хормейстер Ержан Сансызбаевтың басқаруымен «Астана Операның» камералық хоры мен камералық оркестрі екінші бөлімде таныстырады. Өнер көрсетуге опера труппасының солисі Ұлпан Әубәкірова, концертмейстер Динара Сартай және шақырылған баяншы Руслан Тураев та қатысады.

«Опералия» халықаралық фестивалі аясында хор музыкасының концертімен Камералық зал сахнасына шығу, сондай-ақ сирек туындының премьерасын таныстыру біз үшін үлкен қуаныш, өйткені мұндай стильдегі әрі осындайжанрдағы шығарма біздің елімізде бұрын-соңды орындалмаған, — деп пікірімен бөлісті хормейстер Ержан Сансызбаев. Аргентиналық композитордың өз еліне арнаған туындысы оның әйгілі отандасы АсторПьяццолланың шығармашылығымен шабыттануының нәтижесінде пайда болды. Автордың айтуынша,классикалық қағидаларға және nuevo tango ережелеріне негізделе отырып, «Misatango» екі түрлі әлемнің, яғни хор музыкасы мен танго музыкасын араластыру тәжірибесіне айналды. Осылайша, рухани музыка дәстүрлерінің әуенді стильмен, үндестікпен, аспаптаумен және латынамерикалық тангоның жалынды ырғақтарымен ерекше үйлесімі пайда болады. Мартин Пальмери жанрдың сипатын бұзбай, таңғаларлықтай әдемі шығармаларда музыкалық элементтер мен танго стилистикасын хор туындыларының айқындылығымен біріктіреді, — деді Ержан Сансызбаев.

Айта кету керек, «Қазақ рухы мен танго ырғақтары»концертімен қатар, фестивальдің мазмұнды бағдарламасына «Әнмен өрілген ғасыр» музыкалық кеші де енді. Оны Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинова Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл толуына арнайды.


ПІКІР ЖАЗУ