Ұландықтар Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты шеру өткізді

Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Үлгілік-көрсетімдіоркестрінің салтанатты шеруі өтті.
Іс-шара елорданың Сарыарқа ауданыәкімдігінің қолдауымен құқықтық тәртіпәскерлерінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Бұл шеру еліміздің мемлекеттік рәміздері — Туға, Елтаңбаға және Әнұранға құрмет көрсетудікүшейтуге бағытталған мерекелік іс-шараларлегінде патриоттық екпінімен ерекшеленді.
Ұлттық ұланның Үлгілік-көрсетімді оркестрікәсіби шеберліктің жоғары деңгейі мен репертуарының сан алуандығын көрсетті. Әскеримузыканттарды ыстық ықыласпен қарсы алған қалатұрғындары мен қонақтары эмоцияларынжасырмай, Есіл өзенінің жағасында танысәуендерді бірге шырқады.
— Мемлекеттік рәміздер күні — әрқайсымызғапатриотизмнің, еліміздің тарихы мен мәдениетінқұрметтеудің маңыздылығын еске салады. Мұндайіс-шаралар өскелең ұрпақты елжандылыққатцрбиелейді, — дейді Ұлттық ұлан Әскери-оркестрлік орталығының бастығы ОлжасҚұдайқұлов.
Құрмет қарауыл ротасының әскериқызметшілері көк Туымызды мерекелік шерудіңалдыңғы шебінде салтанатпен алып жүрді, ал ашықаспан астындағы сахнада ұландықтармузыканттардың орындауында ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік Әнұранышырқалды.
Самалды кештегі салтанатты шеру көрерменгеерекше әсер сыйлап, әр азаматқа ұлттық бірлік пен тәуелсіздігіміздің нышаны болған мемлекеттікрәміздердің маңыздылығын жеткізді.
Айта кетейік, 4 маусым — Мемлекеттікрәміздер күніне орай, Ұлттық ұланның Үлгілік-көрсетімді оркестрі мен Ән-би ансамблі Астана жұртшылығына мерекелік концерт ұсынады.