Алматыдан Анталияға ұшқан Air Astana ұшағынан ақау шыққан

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды
Алматыдан Анталияға ұшқан Air Astana ұшағы ақауына байланысты Ақтауға шұғыл қонды. Бұл туралы Democracy.kz ақпараттық орталығы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
8 қаңтарда Алматыдан Анталияға ұшқан Air Astana әуе компаниясының KC915 рейсі Ақтау әуежайына шұғыл түрде қонды.
Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, Airbus A321 ұшағы Алматыдан сағат 08:35-те ұшқан. Алайда ұшақтың жанармай жүйесінде ақау анықталғандықтан, экипаж жоспардан тыс қонуға шешім қабылдаған.
Зардап шеккендер жоқ. Қажет қосалқы бөлшектердің Алматыдан жеткізілетіне байланысты рейс 9 қаңтарға шегерілді.
Әуекомпания рейстегі жолаушылардың тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етілетінін атап өтті. Анталияда рейсін күтіп отырған жолаушылар үшін де осындай шаралар қабылданған.








