АЭС құрлысы кезінде халық жұмыспен қамтылады

0
20

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда Атом электр станциясының (АЭС) құрылысына қанша адам жұмысқа алынатынын айтып берді, — деп хабарлайды Democracy.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Үкімет отырысы кезінде Сәтқалиевтің айтуынша, АЭС құрылысы жобасы бойынша 2030 жылға дейін 5 мың адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.

«Құрылыстың шарықтау кезеңінде, яғни 2032 жылы, шамамен 10 мың адам жұмыспен қамтылады. Жобаның пайдалану кезеңінде кемінде 2 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Бұған қоса, 2025-2029 жылдар аралығында отын-энергетика кешеніндегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға қосымша 16 мың кадр қажет болады», – деді министр.

Сондай-ақ, Сәтқалиевтің айтуынша, АЭС құрылысына қолдау көрсету мақсатында қазақстандық колледждер базасында АЭС мамандарын даярлайтын жаңа мамандықтар ашылады.


ПІКІР ЖАЗУ