Италиялық заманауи музыка

0
4

 

Жарқын италиялық пианист әрі композитор Маурицио Биньоне алғаш рет «Астана Операда» өз туындыларынан құралған Inner reflections («Ішкі ойтолғам») концертімен өнер көрсетеді. Музыкалық кеш 23 қарашада К.Байсейітова атындағы Камералық залда өтеді.

Халықаралық басылым беттерінде ол жайлы: «Нәзік, медитациялық бірқалыптылық бой бермейтін босаңсусезімін туғызып, ұмытылған және қол жетпейтін тыныштық күйіне батырады. Оның музыкасы барлығы туралы, яғни маңызды шешімдерді үнсіз қабылдауға болатыны, біздің жан дүниеміз өзімізге беймәлім екені, теңіздің мәңгілік, ал біздің құштарлығымыз желмен лақтырып тасталған құм қиыршықтары екені жайлы ішкі диалог тәрізді»;«Италиялық пианист әрі композитор Маурицио Биньонерояльде ойнап, шамның күңгірт жарығымен өлең оқыды.Мен өмірімде концерт кезінде мұндай мүлгіген тыныштықты ешқашан естіген емеспін», — деп жазылған.

Италияның қазіргі кездегі ең қызықты авторларының әріорындаушыларының бірі өз шығармашылығында түрлі стильдерді үндестіріп, тәжірибе жасайды, соған қарамастан ол өзінің ерекшелігін жоғалтқан емес. Оның шығармалары жүрекке жетіп, тыңдармандармен өзгеше байланыс орнатады, бұл эмоциялық және рухани үйлесімділік сезімін туғызады. Сондықтан Маурицио Биньоненің туындылары iTunes чарттарында үнемі бірінші орындарда жүретіні және Италия, Франция, Нидерланды, Бельгия, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Бразилия, Австралия, Жапония, Сингапур, Қытай, Қазақстан мен басқа да елдердің ірі концерт залдарында және көптеген беделді фестивальдерінің бағдарламаларында шырқалатыны таңғаларлық жайт емес. Бұдан бөлек, әртіс Палермодағы Массимо театры оркестрінің, Сицилия оркестрінің, Берлин филармониялық оркестрінің, Кельндегі Гюрценихоркестрінің, «Филадельфия дәулескерлері» камералық оркестрінің, «Астана Опера» театры оркестрініңаспапшыларымен, сондай-ақ Сингапурдегі Tan’g квартетімен, Сицилиано триосымен және Еуропа елдері мен Америкада концерт қойып жүрген көптеген соло-музыканттармен бірге тығыз ынтымақтастықта.

Өзінің жаңа «Ішкі ойтолғам» жеке фортепианолық жобасында орындаушы, композитор әрі жазушы табиғи апаттарға және адамның өзіне қатысты адами болмыскөрінісін құштарлықпен және асқан сезімталдықпен сипаттайды. Елордалық тыңдармандар жақында танысатын бұл жоба Палермо, Рим (Италия), Гамбург, Данненберг, Зальцведель, Хитцакер (Германия), Амстердам (Нидерланды), Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу (Бразилия) және тағы басқа қалаларда ойдағыдай ұсынылған.

Маурицио Биньоненің авторлығындағы шығармалар осыған дейін «Астана Операда» шырқалғанын атап өтуіміз қажет. Мұнда әр жылдары театр әртістері мен АҚШ-тан және Сербиядан шақырылған солистердің орындауында оның екі ірі туындысы – альт, екі скрипка, фортепиано менкамералық оркестрге арналған «Зельда туралы аңыз» бенскрипка, альт және оркестрге арналған «Икебана»концерттік симфониясының әлемдік премьералары өткен еді. Бұл композицияларды жоғары бағалаған қазақстандық көрермендерді енді италиялық музыканттың өзінің орындауында оның шығармашылығымен терең таныстық күтеді.

Концерттің басталуы 18.00-де.


ПІКІР ЖАЗУ