Жас кәсіпкерлер өздерінің өмір жолдарымен бөлісті.

0
4

Ақмола облысының жастар-ресурстықорталығы жастарға арналған жыл сайынғы«BASTAU Talks» қоғамдық дәрісін өткізді.

Қоғамдық дәрістің негізгі мақсаты жастардыелімізде бизнес жүргізу мүмкіндіктері туралыақпараттандыру және ынталандыру болыптабылады.

Жыл сайынғы «Bastau Talks» қоғамдықдәрісін өткізудің өзектілігі біздің еліміздіңстратегиялық міндеттеріне байланысты, атапайтқанда, әлемнің бәсекеге барынша қабілеттідамыған елдердің қатарына кіру, нарықтықэкономиканы дамыту.

Аталған шараға, спикер ретінде ЖК «Шұғыла сән әлемі» негізін қалаушысы және жетекшісі Костанова Самал Сайрановна, 2020 жылы «Бастау бизнес» жобасы арқылы өтеусіз несие алып, өзінің сұлулық студиясын ашып, перманентті макияж жасаумен айналысып жүрген Зеренді ауданынан келген Жанашева Наталья Андреевна, жас кәсіпкер, футболшы, «SPORTINIG» футбол орталығы және «Life Foofball» дүкенінің негізін қалаушысы – Лебедев Олег Владимирович, «Ресницы» сән-cтудиясының негізінқалаушысыТемиртасова Дана Кайыркельдиевна, Көкшетау қаласы бойынша «Romantic» гүлдер орталығы франшизасының иесі – Сыздыков Арман Бағитжанұлы, Бьюти-студиясын ашқанСаламатова АсельАслановна, Жарқайың ауданы, Державинск қаласының ЖК «ПАНЬКОФ» полиграфиялық және кеңсе тауарлары бөлімінің, сувенирлік өнімдер мен жарқын идеялар студиясының негізін қалаушысы – Панькова Дарья Вячеславовна сондай-ақ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Ақмола облысы бойынша өңірлік филиалының қаржылай қолдау бағдарламаларды ілгерілету жөніндегі бас менеджері – Хасенова Ботагөз Сәрсенбайқызы, ЖОО және ТжКБ студенттері, БАҚ өкілдері және ұйымдастырушыларқатысты.

«Romantic» гүлдер орталығыфраншизасының иесі Арман Сыздыковтың айтуынша, бизнеспен айналысу үшін ең алдымен өзіңе сенім, тәуекелділікке бел буып, ештеңеден қорықпай тек алға қарай ұмтылу.

Ал жарқайындық жас кәсіпкер Дарья Панькова өзінің кәсібін декреттік демалысы кезінде бастағаны жөнінде айтты. «Ең  басында бойымда қорқыныш орнады. Ең бірінші 2022 жылдың желтоқсан айында фотостудиядан бастадым. Өмірлік жарым мені қолдап, бойыма сенім орнатты. Сол кезде бәсекелестіктен жаман қорқатын едім. Бірақ өз-өзімді қолыма алып, жаңа жыл кезінде фото түсірумен айналысып, кәсібімнің қаржылай нәтижесі белсенді түрде өсті. Уақыт өте келе, полиграфиялық кеңсе ашуды жөн көрдім. Әрине оңай болған жоқ. Алдымда қиындықтар көп болғанына қарамастан, төтеп бере бастауды үйрендім» — дейді Жарқайың қаласының кәсіпкері.

«Жастарға арналған бұл дәріс жұмыссыздықпен күрес және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша тиімді құрал болып табылады. Барлық қойылған міндеттерге қол жеткізу және ел экономикасының тұрақты дамуы үшін жас кәсіпкерлерді қолдауды есте сақтау қажет, себебі жас қазақстандық — елдің болашағы және «Стратегия-2050» жемісін жинаушылар болып саналады» — деп өз сөзінде облыстық ЖРО бөлім басшысы, шара модераторы Мақпал Жанарисова тоқталып кетті.

Іс-шараның соңында барлық спикерлерге алғыс хаттар ал қатысушыларға сертификаттар табысталды.


ПІКІР ЖАЗУ