Баспасөз хабарламасы «BF-line қызметі»: қазақстандық жастар арасында психологиялық көмекке жүгіну мәдениетінің деңгейі көтеріліп келеді
«BF-line – кәмелетке толмағандар мен жастарды психологиялық қолдау қызметі» жобасы іске асырыла бастағаннан бері мамандар 5000-нан астам өтінішті өңдеді.
«Bilim Foundation» КҚ 2023 жылдан бері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «BF-line – кәмелетке толмағандар мен жастарды психологиялық қолдау қызметі» жобасының аралық қорытындыларын жариялады. Жобаның операторы – Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.
Әлеуметтік жобаның мақсаты – жастардың болашағына қатысты алаңдаушылығын төмендету, олардың психологиялық денсаулығын нығайту және кәсіби психологиялық көмекке жүгіну мәдениетін дамыту.
Жобаның қорытындыларына арналған дөңгелек үстел жұмысына жобаның психологтары мен белсенділері, сала сарапшылары, студенттер қатысты.
Шара барысында сарапшылар мазасыз күй, отбасыдағы жанжалдар, эмоционалдық қажу сияқты жастардың психикалық денсаулығының негізгі мәселелерін талқылады: Жоба жетекшісі Жанат Досжанованың айтуынша, өтінімдер санының өсуі жастардың психологиялық саулық мәселелеріне бұрынғыға қарағанда көбірек ден қоятындығын айғақтайды.
«Жоба іске аса бастаған сәттен бастап мамандарымыз 5000-нан астам өтінімді өңдеді. Өткен жылы BFLine.org сайты арқылы 642 клиент кәсіби көмек алды. Ал 2024 жылдың 11 айында бұл көрсеткіш 1800 өтінімнен асып отыр. Бұл жастардың психикалық денсаулықтың маңыздылығын түсінетіндігін, кәсіби қолдау сұраудан қорықпайтынын көрсетеді. Бұл –жастардың өз эмоционалдық күйіне қамқорлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанмаңызды қадам», — деп атап өтті Жанат Досжанова.
Оның деректері бойынша, жас қазақстандықтар мамандарға көбіне мазасыздық (19%), өзін-өзі бағалаудың тұрақсыздығы (12%) және отбасылық проблемалар (12%) себебінен жүгінген. Сондай-ақ, қажығандықты сезуге (9%), балалар мен ата-аналар арасындағы қақтығыстарға (8%) және қорқынышқа(7%) қатысты өтінімдер де бар.
«Біз кәсіби қолдауды Қазақстанның барлық жастарына қолжетімді болуын қамтамасыз етуге тырысамыз. BFLine.org сайтына түсетін өтінімдердіңбасым бөлігі 29-35 жас аралығындағы азаматтарданкеледі (30%). 24-28 жастағы азаматтардан келгенөтінімдер саны 29% және 18-23 жастағы азаматтардантүсетін өтінімдер саны 28% құрайды. Ал 14-17 жастағыжасөспірімдер өтінім бергендердің жалпы санының13% құрайды. Түркістан, Жамбыл және Қызылордаоблыстарының жас қолданушылары жиі белсенділіктанытады. Бұл өңірлердегі жоғары көрсеткіштерақпараттық жұмыстың белсенді түрде жүргізумен, жергілікті жастардың психологиялық қолдауға дегенмүдделігімен байланысты. Біз бұл жұмысты келесіжылы да жалғастырамыз», – деп түйіндеді ЖанатДосжанова.
Айта кетейік, жоба аясында 2025 жылы 3000-нан астам онлайн-консультация өткізіліп, оныңгеографиялық аумағы кеңейе түседі деп жоспарлануда.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөміргехабарласуыңызды сұраймыз: 87018963227