«Не сөйлеп, не қойғанын білмейтін мұғалімдер бар» дейді жас маман
Әлеуметтік желіде жас мұғалім Бақытжан жоғары оқу орындарындағы диплом мәселесіне байланысты өз пікірін білдірді- деп жазады Democracy.kz
Tik Tok әлеуметтік желісінде Бақытжан есімді азамат диплом мәселесіне байланысты өз ойын білдірді. Ол “Диплом болмаса еш жерге алмайды. Дипломсыз қалай, мұғалім болдың? Оқуды тастамағанда профессор болатын едің” деген оқырмандарынан келген сұраққа былай деп жауап берген.
«Мен, Ustadiде жұмыс істеп жүрдім ғой, сол кезде магистр педагогтар келетін. Дипломы бар, бірақ түк білмейді. Неге қазір ҰБТ-ға дайындайтын курс көп?
Себебі мектептегі мұғалімнің білімі нашар деген сөз. Егер мұғалім жеткілікті білім берсе, бала қосымша курстарға бармас еді. Университетте білім мықты деп ойлайсыздар.
Университетте не сөйлеп, не қойғанын білмейтін мұғалімдер бар. Студент өзі ізденіп оқушы дейді. Онда университетке мұғалімнің керегі не? Ақыры студент өзі ізденіп, өзі оқитын болса?» — деді жас мұғалім.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
@bakytzhan_youn Ответ пользователю @user84781384659671