Қара жол мыңдаған кісінің өмірін жалмаған

0
24

Жол-көлік оқиғаларынан биыл екі мың адам қаза тауып 25 мыңнан астам адам жарақат алған, деп Democrasy.kz ақпараттық порталы Azattyq Rýhy ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды .

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте биыл болған жол апаттарының саны жайлы айтты:

«Жолдағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында ІІМ кешенді шаралар қабылдап жатыр. Дегенмен осы жылы 22 мыңнан астам жол апаты тіркелді, онда 2 мың адам қаза тауып, 25 мыңнан астам адам жарақат алған. Жол апаты мен жарақат алғандар көрсеткішінің өсуі жол-көлік оқиғаларын есепке алу тәсілінің өзгеруімен байланысты. Қазір денсаулыққа келтірілген зиянға қарамастан, жол апатынан кейін медициналық мекемеге жүгінген барлық адам есепке алынады», — деді Қайсар Сұлтанбаев.

https://images.app.goo.gl/9AJ7zqWVm8hjV51f8


ПІКІР ЖАЗУ