Біржан сал Қожағұлұлының 190 жылдығына орай Ақмола облысында пікірсайыс турнирі өтті

0
51

Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы Қазақстан қоғамында орын алған өзекті проблемалық жағдайларды талдау және жария талқылау, Ақмола облысы жастарының әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін қалыптастыру мақсатында Біржан сал Қожағұлұлының 190 жылдығына орай студенттер арасында  облыстық пікір-сайыс турнирін өткізді.

Турнирге Акмола облысының жоғары оқу орындары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан 2 қатысушыдан құралған 13 команда қатысып, өздерінің шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін көрсетті. Турнирді өткізуді ұйымдастыру өзін мықты спикерлер және объективті төрешілер ретінде көрсеткен тәжірибелі пікірсайысшылардан тұратын бас төрешілер алқасына жүктелді.

«Жоғары оқу орындары мен орта  арнаулы оқу орындарында білім алушы студент жастардың жан-жақты дамуында, олардың азаматтық белсенділігі мен интеллектуалды ізденісін, қоғамда дұрыс саяси бағдарларын қалыптастыруда пікір-сайыс додаларының орны ерекше. Қазіргі таңда білім беру мекемелерінің тарапынан да пікір-сайыс ойындарын жаңғырту, дамыту ісіне көп көңіл бөлінуде. Бүгінгі турнир өте қызу түрде өтіп, қатысушылардың шабыттары оянып, қара терге шомылғандай жеңіске жетем деген ынталары байқалып, ойларын еркін жеткізуге деген мүмкіншіліктері пайда болды. Іс-шараны, Біржан сал ауданының жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, алғаш өткізіп жатқанымызды айта кету керек. Алдағы уақытта әлі де талай шараларды бірлесе өткізетінімізге кәміл сенемін» — деп облыстық ЖРО басшысы Дастан Ермеков өз сөзінде тоқталып кетті.

Облыстық пікір-сайыс турнирінің қорытындысы бойынша бірінші орынды – Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінің «Сана серпін» командасы иеленсе, екінші орынды аталмыш колледжден қатысқан «Fire ball» командасы ие болды. Ал, қола жүлдесі Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінен қатысқан «Элита» атты командасына бұйырды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, жеңімпаздар дипломдар және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Ал төрешілік еткен әділ-қазылар мүшелеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.


ПІКІР ЖАЗУ