Референдумның алдын ала нәтижесі жарияланды
Елімізде 6 қазан күні «Атом электр станциясын» салу немесе салмау мәселесін шешуге арналған жалпыхалықтық референдум өтті. Орталық референдум комиссиясының мәліметі бойынша Республикада 10 323 дауыс беру учаскелік комиссиясы жұмыс істесе, шетелде 74-і жұмыс істеді. Басқа елдегі Отандастарымыз 59 елде өз таңдауларын жасады. Дауыс беру уақыты таңғы 19:00 ден, кешкі 20:00 ге дейін болды. Жұртшылық «Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа жауап берді. Бюллетеньде «Иә» немесе «жоқ» деген екі жауап көрсетілді. Референдумды Франция, АҚШ, Ресей , Испания сияқты әлемнің 30 елінен келген 177 байқаушы қадағалады. Одан бөлек төрт халықаралық ұйымның өкілдері де болды. Сонымен қатар, тарихи күнде 37 елден келеген 200 журналист хабар таратты. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы бұрыштар дайындалып,барлық жағдайлар жасалды.
Қазақстандағы АЭС бойынша референдумның «СОЦИС-А» «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ жүргізген exit-poll нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 69,8%-ы Қазақстанда АЭС салуды қолдады және азаматтардың 30,2%-ы қарсы шықты. Ал Amanat партиясының Қоғамдық саясат институтының жүргізген exit-poll қорытындысы бойынша азаматтардың 72,3%-ы АЭС салуға келісім берген, 27,7%-ы қолдамаған.
Орталық референдум комиссиясы Қазақстанда АЭС салу бойынша өткен науқанның алдын ала нәтижесін жариялады. Республикалық референдумға дауыс беру құқығы бар 12 млннан астам адамның 7 миллионнан астамы дауыс берген. Азаматтардың 71,12% келісемін нұсқасын таңдаған. Ал қарсы дауыс бергендердің саны 2 045 271. Сонымен қатар 130 267 бюллетень жарамсыз деп танылды. Ол жерде адамдар екі нұсқаны да таңдаған.