«ЗАҢСЫЗ ПАРЛАМЕНТ АРСЫЗ ба?»
НЕГЕ ЗАҢСЫЗ: Қазіргі VIII шақырылымдағы Парламенттің жаңадан сайланған депутаттарының ант беруі Ата заңға қарсы өткізілді. Конституцияда 44-бапта Қазақстан Президентi Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды деген. Демек ант қабылдау бұл тек қана мемлекет басшысының өкілеттігі. Мәжілісте өткен ант беру рәсімін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жүргізді, депутаттардың антын Конституцияға сәйкес қабылдайтын ең жоғары лауазымды тұлға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болмады. Демек қазіргі Парламенттің қызметі заңсыз, сөзімнің дәлелі болып осы жайлы маған түсіндірме берген ҚР ОСК хаты. Тағы да Назарбаевтың аты өзгерсе де, заты өзгермеген «Nur Otan» — «AMANAT» партиясының билікте отырған белсенділері Тоқаевты Ел Басшысы ретінде мойындамайтының көрсетті.
КЕЛЕСІ: Тағы да бір Ата заңға қарсы Парламенттің халықты арандату әрекеті ол заң шығару кезінде Конституциясының 7-бабындағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тiл — қазақ тілі» делінген норманы ұзақ жылдар бойы орындамаулары.
Депутаттар «Тiл туралы» заңның 4-бабында: «Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi» деп көрсетілген норманы қасақана орындамай отыр.
Неге Парламент заң шығару процесін орыс тілінде жүргізіп, тек қана мемлекеттік тілде қазақ тілінде өткізуге міндетті деген норманы орындамайды? Бұл не біліксіздік пе, әлде білімсіздік пе? Осы айтылған Парламенттің екі өрескел Конституцияға қайшы әрекеті депутаттарды таратуға негіз болады.
АРСЫЗДЫҚ: Ел Басы Қ. Тоқаев, «Қазақстан байлығының жартысы 162 адамның ғана қолында… Осы ретте халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайды…Мұндай ақшамен өмір сүру мүмкін емес» – деді. Осы мүмкін емес жағдайға жеткізіп елді аздырып, халықты зарлатып отырған мемлекетімізді 162 миллиард доллар сыртқы қарызға батырған, елдің 300 миллиард доллар ақшасын шет елге асырған «Nur Otan» — «AMANAT» Үкіметі, билігі емес пе?
«Nur Otan» — «AMANAT» деп айқайлаған жағымпаздар заманыңда Премьер-министр, министр, облыс әкімдері, жоғары сот мүшелері, бас прокуратураның, ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары, қорғаныс, денсаулық, ішкі істер, энергетика министрі, көптеген генералдар елдің мүддесін қорғайды деген жүздеген жоғары лауазым иелерінің коррупциялық қылмыс жасап сотталып жатқаның жиі естіп көруде болдық. Бұл Отанға жасалған опасыздық диверсия деп аталады. Түптеп келгенде соңғы жылдары байқағанымыздай бұл Қазақ мемлекетінің тамырына балта шабу, тізе бүктіру әрекеттері.
Бір масқарасы бұл азғындар мен сайқалдарды «Нұр Отан» партиясының басшысы экс-Президент Назарбаев тағайындады, кейін осы қылмыс жасап 5-10 жылға сотталғандарды рахымшылық жасап кешіріп тағы да Президент өзі бостандыққа шығарды. Ал бұл әрекеттер қолданыстағы заңдарға сәйкес ұйымдасқан қылмыстын белгілері. Өткен «қаңтар дүрбеленіңде» билікті басып алмақ болды деп сотталған бейбіт халықтың қырылуына, аяусыз жазалануына апарған ҰҚК төрағасы Мәсимовты, өкілеттігін асыра пайдаланған ІІМ Тұрғымбаевты да «Нұр Отан» Президенті, үкіметі, парламенті тағайындады. Сын сағатта «Нұр Отан» басшылары тығылып қалып, Тоқаев жалғыз қалды.
Бұған кім жауапты?! Қазақстанды 25-жылдан аса біз билік партиясымыз деп басқарып келген «Nur Otan» — «AMANAT» кінәлі. «AMANAT» жарғысындағы партияның мақсаты қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу дегендерін орындамады. Халықтың жағдайы күрт нашарлап, тек қана «Nur Otan» партиясының басшылары, туыстары, жақындары байып елдің экономикасы құлдырады.
«AMANAT» партиясының Үкіметіне, депутаттарына сенуге болама? Бұлар атын ғана өзгертіп сол «Ескі Қазақстан мен Назарбаевтың» ісін жалғастыруда. Жарғысында бағытында өзгеріс жоқ. Партия басшысы Нұрсултан Назарбаевтың қызметіне істеген ісіне саяси баға бермеді, партиядан шығармады. Елге осы 25 жылда түрлі бағдарламалармен «ертек» айтып келген партияның басшылары қайда, неге Ерлан Қошанов халыққа есеп бермейді?
ӘР ҚАЗАҚҚА ҚАСИЕТТІ «ОТАННАН» ойланбастан бір ауыздан бас тартып енді «AMANAT» болдық дегендерге қалай сенуге болады… «ОТАННАН» бас тарту, туған Жерден, Елден, ата бабаннан бас тарту — олар осыны біле ме екен..?
«AMANAT» партиясынан депутат Нартай Аралбай 04.02.2024 жылы ютуб арнасында «жоңғар пейілді Назарбаев Нұршайтан… «қаңтар» қайта жасалады» — дегенді айтты. «AMANAT» басшылығы, Парламент осындар ауыр сөздерді партияның негізін қалаушы Елбасы деп отыз жыл өздері дәріптеген Нұрсултан Назарбаевқа айтуы жалпы қазақтың тәрбиесінде жоқ әдепсіздік екенің, қарияны «жоңғар пейілді Назарбаев Нұршайтан» деген көргенсіздікке неге жол береді? Әлде «AMANAT» та өздерін «Нұршайтан» партиясымыз деп есептей ме?
Енді «AMANAT» «АЭС» салуды қолдаймыз деп Парламенттегі жұмыстарын тастап аймақтарды аралап үгіт насихат жүргізіп жүрген мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев басқа да депутаттар заңдылық қағидасын бұзуда. Мемлекеттік арналарда тек қана Атом электр станциясын қолдаушыларына сөз берілуде, әділдік теңдік қағидасына сай «АЭС» жайлы ойларын айтуға қарсы тарапқа да сөз берілуі тиіс! Егер энергетика министрі Сатқалиев салынатын «АЭС» туралы анық ақпаратты журналистке айта алмаса бұл не сандырақ..? Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин ақиқатын айтты «АЭС» салу әлі ерте, оның елге апат әкелу қаупі барын!
«AMANAT» партиясына менің айтарым Қазақ Елін «АЭС» деген жазылмайтын ауыр дертке шалдырмай тұрғанда, саяси сахнадан кеткендеріңіз дұрыс болар еді. Халықтың қарғысына қалмаңыздар. Қазан айы «ҚАҢТАРҒА АЙНАЛМАСЫН» деп тілейік…
Заң ғылымдарының кандидаты, Мухамадиев Айыпқан