АЗ УАҚЫТТА, АЗ ҚАРЖЫҒА ТҮСІРІЛГЕН «АЙҚАЙ-ШУ» КОМЕДИЯЛЫҚ ФИЛЬМІНІҢ ЖАБЫҚ КӨРЕТІЛІМІ ӨТТІ

0
27

30 қыркүйек Астанада «Айқай-шу» криминалдық-комедиясының алдын ала көрсетілімдері өтті. Фильмде қазіргі қоғамның моральдық-этикалық қағидаларымен кереғар келетін, жойылып бара жатқан дәстүрлер тақырыбы әзіл арқылы көтеріледі, сонымен қатар достықтың және берік отбасылық байланыстардың құндылығы туралы сөз болады. Фильмнің ерекшелігі, әрі қиындыға түскен тұсы оқиғаның бір локацияда, аз қаржыға, 2 аптада тез түсірілуі. Алайда сценарийді жазуға 1 жыл уақыт кетті.

Басты рөлдерді Серік Шарип және Саят Макулбаев ойнайды. Серік Шариптің айтуынша, «Фильмге түсу барысында көптеген қызықты жайттар орын алды. Сондай-ақ инпровизациялық сахналарда болды. Рөлге дайындалуыма шыны керек  2 күн кетті. Қоюшы-режиссер Дәулет Ислямов, продюсер Айдар Қасымов және ұжым мүшелеріне өз алғысымды білдіргім келеді. Себебі фильмді түсіру кезінде мен өзімнің қалауым бойынша кейбір тұстарға өзгертулер енгізуді ұсындым. Олар ешқандай қарсылық білдірмей бірден қолдап кетті. Енді алдағы уақытта көрермендер өз бағасын береді деп ойлаймын», деді.

Ал Саят Макулбаев үшін бұл фильм алғашқы басты рөлді сомдап шығуына мүмкіндік берді. Саят өз сөзінде, «Бірінші дебютім болғандықтан шынытуайтында қатты қорқып, қобалжыдым. Алайда фильм мен ойлағаннан да жақсы деңгейде шықты. Кинода режиссер мен монтажердің еңбегі орасан зор. Сол жандардың арқасында осыдай деңгейдегі фильм жарыққа шықты. Фильмдегі ойнап шыққан кейіпкеріміз екеуміздің прототипіміз негізі ұқсайды. Сол себепті фильмде ойнап шығу оңайға түсті», дейді.

Осы тұста фильмнің бас продюсер – Айдар Қасымов фильмнің жарыққа шығуына себепші болған қоюшы-режиссер Дәулет деп атап өтті. «Дәулет бізге келіп, осындай оқиға бар деп, өз ойымен бөлісті. Бізге бұл оқиға ұнап, фильм түсіруді қолға алдық. Ал фильмнің атауын «Айқай-шу» болсын деп мен ұсыныс білдірдім. Себебі аты шулы, оқиғаның жалғасы бар екендігін көрсетеді. Сондай-ақ фильмде қазіргі таңда шыны керек туысқан арасындағы байланыстың алшақтап кеткенін көрсетіп, үндеу тастайды», дейді продюсер.

Айта кетілігі, фильмге Нуржан Садыбеков, Назар Шархан, Ғалым Калиакбаров, Бексултан Акимжан, Гульмира Жакилина секілді бірнеше актер түсті. Фильм 3 қазаннан бастап кинотеатрларда көрсетіледі.

Назым МАЛИККЫЗЫ


ПІКІР ЖАЗУ