Алматы кептелістен қашан құтылады?

0
62

Алматыда кептеліс болмас үшін жолдағы көлік саны 170 мыңнан аспауы керек

“Сарапшылар Астана мен Алматы қалаларындағы трафикті зерттеді. Олар жолдың шекті жүктемесі бір уақытта жылжып келе жатқан көліктердің санына байланысты екенін анықтады. Бұл кептелістің ұлғайып, салдарынан жолдағы уақыттың артуына әкеледі. Астанада жолдың шекті жүктемесі бір мезгілде 136 мыңнан астам көлік қозғалғанда байқалады. Алматыда бұл көрсеткіш — 205 мың көлік”, — деп хабарлайды Қазақпарат.

Ірі мегаполисте көлік саны күннен күнге артып келеді, шамамен көп отбасыларда, бір үйде кемінде  2-3 көліктен бар.

“Сонымен қатар, Sergek ITS мамандары Астанада бір мезгілде 100 мыңнан аспайтын, ал Алматыда 170 мыңнан аспайтын көлік қозғалған жағдайда ыңғайлы қозғалыс қамтамасыз етілетінін есептеді. Мұндай көлік санында жүргізушілер діттеген жеріне кептеліссіз жете алады. Бұл көрсеткіштен асқан кезде кептеліс пайда болады.Екі қалада да көлік желісіне ең көп жүктеме таңғы 8:00 және кешкі 18:00–ге келеді. Осы уақытта жолда ең көп көлік саны тіркеліп, жылдамдық ең төменгі деңгейге дейін түседі. Компанияның айтуынша, тек бір саланы жақсарту арқылы көлік мәселесін шешу мүмкін емес. Ол үшін кешенді тәсіл қажет”- деп жазылған ақпаратта.

 


ПІКІР ЖАЗУ