Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы егіс алқабын аралады

0
61

Ел басшысы егіс алқабына барып, өз көзімен алқаптың тынысымен танысты. « Қостанай ауданының Майкөл ауылдық округіндегі «Надеждинка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті. Жомарт Тоқаевқа облыс әкімі өңірдегі ауыл шаруашылығын дамыту шаралары жөнінде мәлімет берді. Құмар Ақсақаловтың баяндауынша, биыл диқандар 5 миллион гектар алқапқа егін еккен. Элиталық тұқымның үлесі мен минералды тыңайтқыш себу көлемін ұлғайту, сондай-ақ машина-трактор паркін жаңарту арқылы егін шаруашылығының өнімділігін арттыру жоспарланып отыр », — деп хабарлайды Қазақпарат.

Онымен қоса президентке өңірде мал және құс шаруашылығы салаларын дамыту жайлы мәлімделді. Тарқата айтсақ, ендігі үш жылда 14 тауарлы сүт фермасына инвестиция тартылмақ. Мал шаруашылығына арналған 44 кешен және екі ауқымды құс фабрикасы салынбақ. Бұл жобалар есебінен облыстағы сүт және ет өндірудің  мөлшері 1,4 есе, ал құс еті өндірісі 5 есе көбейбек деп жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Надеждинка» ЖШС-нің егіс алқабын аралап, сол жердегі жұмысшылармен әңгімелескен болатын. Президент мемлекет отандық фермерлерді қолдауды жалғастыра беретінін әрі табысты жобаларды іске асыруға жәрден беретінін жеткізді.


ПІКІР ЖАЗУ