МАС-РЕСЛИНГТАН 2 ҚОЛА

0
72

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында мас-рестлинг жарысына 31 мемлекеттен 98 спортшы қатысады.

Бүгінгі өткен 65 кг салмақ дәрежесінде Қазақ спортшысы Асылмұрат Бірімжан таяқ тартудан (мас-рестлинг) қола жүлдегер атанды. Спортшымыз Моңғол спортшысы Тцеренцогол Пуревсуреден  2:0 есебімен басым түсті.

«Таяқ тартумен (мас-реслингпен) айналысып жатқаныма 1,5 жыл болды. Осыған дейін Әлем чемпионатында, Азия чемпионатында өнер көрсеткенмін. Бүгін V дүниежүзілік көшпенділер ойынында қола жүлгеде ие болдым. Жеңісімді Қазақ еліне арнаймын. Осы жарысқа 1 жылдай дайындалдым. Қарсыластарым осал емес, барлығы мықты дайындықпен келген. Ендігі келесі айда Қырғыз елдінде өтетін Әлем чемпионаты дайындық жасаймын», — дейді Асылмұрат.

 

Әйелдер арасында 55 келі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Тахмина Қожамбердиева да қоржымызға қола жүлдені қанжығалады. Тахмина Мажар қызы Ксордас Синтианы 2:0 есебімен жеңді.

Осы орайда «Бүгін мас-реслинг бойынша қола жүлдегері иегері атандым. Ең басты мықты қарсыласым Қырғыз елінен болды. Жарысқа жарты жыл дайындық жасадым. Оған дейін қол күреспен айналастым. Тіпті 3 дүркін Әлем чемпионымын. Осы тұста бапкеріме өз алғысымды білдіргім келеді. Себебі сол кісінің айтуымен мас-реслингке келген болатынмын. Мас-реслингке қызығушылық танытып жатқан жас спортшыларды міндетті түрде келуге кеңес беремін», деп қолдаушыларына алғыс білдірді Тахмина.

Назым МАЛИККЫЗЫ


ПІКІР ЖАЗУ