Көкшетау жастары саябақта квест ойнады

0
58

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, қаламыздың орталық саябағында, Қазақстан Республикасының Ата заңын қабылдаған күніне орай, әлеуметтік белсенді, талантты жастарды анықтау, өздеріне патриотизмнің маңыздылығы туралы хабардар ету және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында квест ойынын ұйымдастырды.

Ойын аясында қатысушыларға Жастар-ресурстық орталығы қызметкерлерінің Конституция күнін мерекелеудің маңыздылығы туралы пікірін тыңдауға, сондай-ақ патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің негізін қалауға және оның ресурстары мен қадір-қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді. Квест ойыны — бұл өзінің көшбасшылық қасиеттерін, командада жұмыс істей білу, сыни ойлау, түйсігі үшін әмбебап алаң.

Аталмыш квест ойынын өткізу ашық ауада жүзеге асырылады. Ойын — пәндік іс-әрекеттерді жүзеге асырудың әлеуметтік бекітілген тәсілдерінде, ғылым мен мәдениет пәндерінде бекітілген қоғамдық тәжірибені қайта құруға және игеруге бағытталған шартты жағдайларда қызмет түрі.

«Бүгінгі ойынға әр командада екі қатысушыдан тұратын 10 команда қатысты. Қатысушылардың барлығы «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері болып табылады. Іс-шара барысында 5 локация бойынша ұйымдастырушылар қатысушыларға арнап тапсырмаларды беріп отырды. Қатысушылар әр локацияның тапсырмаларын орындап болғаннан кейін, қорытындылары бағалау парағына жазылып отырды.  Жалып шара Конституция күні жөнінде жастарды кеңінен ақпраттандыру үшін өткізілді» — дейді ұйымдастырушылар тарапы атынан облыстық ЖРО маманы – Мейірлан Жамбылов.

Ойын нәтижесі бойынша үшінші орынға – «Мухбарыс» командасы ие болса, екінші орын – «Скибиди» командасына бұйырды. Ал жеңімпаз атағына «Бибо и боба» командасы ие болды. Барлық жүлделі орынға ие болған командаларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.


ПІКІР ЖАЗУ