«ӘНҰРАНЫМЫЗДЫ ОЙНАТПАСАМ ДА, КӨК ТУЫМЫЗДЫ КӨТЕРГЕНІМЕ ҚУАНЫШТЫМЫН»

0
50

Қазақтың қайсар қызы, Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай президенттің қабылдауында болды. Жаһандық жарыстан жүлделі қайтқанына қуанышты екенін жеткізді, деп хабарлайды «Olympic.kz.»

«Біздің жеңісіміздің артында бүкіл халықтың, мемлекеттің сенімі мен қолдауы тұрғаны анық.

Париж Олимпиадасында әлемнің ең мықты спортшыларымен күш сынасып, еліміздің намысын абыроймен қорғау үшін бар күшімізді салдық.

Әнұранымызды ойнатпасам да, еліміздің көк байрағын көкке көтеріп, қола медальға қол жеткізгеніме қуаныштымын.

Алда өтетін әлемдік жарыстарда да жақсы өнер көрсету үшін бар күшімізді саламыз. Елім, жерім дейтін патриот азаматтарымыз, чемпиондарымыз көп болсын!»,деп ішкі сезімін жеткізді Назым Қызайбай.

Айта кету керек, Назым Қызайбай әйелдер боксынан 50 кг салмақ бойынша Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған болатын.


ПІКІР ЖАЗУ