Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетін күні белгілі болды
Мәжілістің төрағасы Ерлан Қошанов мырза парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру жайлы үкімге қол қойды.
Парламент палаталарының бірлескен отырысы болатыны жайлы мәжілістің Telegram-әлеуметтік желісіндегі ресми арнасында хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», — деп хабарланған мәтінде.
Құлаққағыс болсын, 2 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы парламентінің жаңа саяси маусымы және жаңа сессиясы бастау алмақ.